РЕСЕЙ СИРИЯҒА СУ-35С ЖОЙҒЫШЫН ЖЕТКІЗДІ
Ресей Сирияның Латакия қаласындағы әскери базаға "4++" түріндегі көп мақсатты төрт Су-35С жойғышын жеткізген.
Осылайша Сириядағы Ресейдің әскери базасындағы ұшақ пен тікұшақтың саны жетпіске жеткен. Бұл жөнінде "Коммерсант" газеті басштабтағы ақпарат көзіне сілтеме жасап хабарлайды.
Ресейдің қорғаныс министрлігі дүйсенбі күні әскери ұшақтарының Сирияның Алеппо, Латакия, Хама, Хомс, Дамаск, Эр-Ракка, Даръа елдімекендеріндегі экстремистер орналасқан 1300 нысанды талқылағанын мәлімдеді. Қорғаныс министрлігі сонымен бірге Сирия үкіметінің әскеріне де көмектескенін жеткізді.
Өткен аптада АҚШ қарулы күштерінің өкілі генерал Джозеф Данфорд Ресейдің Сириядағы операциясы елдің президенті Башар Асад режиміне көмектесіп жатыр деп мәлімдеген. Сириялық және халықаралық құқық қорғаушы ұйымдар Ресейді мешіттерді, базарларды, мектептер мен ауруханаларды жойып, әскери қылмыс жасады деп айыптайды.
Сирия оппозициясының бағасы бойынша, ресейлік әуе соққыдан мыңнан астам бейбіт тұрғын қаза тапқан. Ұлыбританияның қорғаныс министрі Майкл Фаллон да Ресейдің Сириядағы әскери операциясын Асад билігін қайтадан күшейтіп жатыр деп айыптайды.
Абай-ақпарат