Сәрсенбі, 21 Мамыр 2025
Жаңалықтар 3672 0 пікір 2 Ақпан, 2016 сағат 10:28

ӘЗЕРБАЙЖАН МҰНАЙШЫСЫНЫҢ ДЕНЕСІ ТАБЫЛДЫ

Каспий теңізінің Түркіменстандағы жағалауында іс-түссіз жоғалып кеткен әзербайжандық 19 мұнайшының біреуінің денесі табылған.

Өткен жылдың 4 желтоқсанында «Гюнешли-10» кенішінде болған өрт мұнайшылардың өліміне әкелген болатын. Апат кезінде платформада 63 адам болған. 33 мұнайшыны құтқарып үлгерген. 11 мұнайшының өлі денесі табылған, 19 адам жоғалып кеткендер қатарында.

Әзербайжан мемлекеттік мұнай компаниясы (ГНКАР/SOCAR​) баспасөз қызметінің мәлімдеуінше, арнайы тергеу тобы 1 ақпанда Түркіменстанға аттанған.

Қаңтар айының басында мұнайшы Мубариз Дильгам оглуның денесі Каспий теңізінің түркімен секторынан 55 шақырым жерде табылып, Әзербайжанға берілген болатын.

Абай-ақпарат

0 пікір

Үздік материалдар

Әдебиет

Алтын сандық

Бауыржан Омарұлы 2767
Білгенге маржан

Сертіне берік самурай...

Бейсенғазы Ұлықбек 4506