Сәрсенбі, 23 Қыркүйек 2026
Жаңалықтар 5434 0 пікір 1 Ақпан, 2016 сағат 09:19

МӘСКЕУ: ӨРТТЕН ҚЫРҒЫЗ БЕН ӨЗБЕК АЗАМАТТАРЫ ҚАЗА ТАПТЫ

Мәскеудегі Стромынка көшесінде орналасқан тігін цехындағы өрттен қаза тапқандар арасында Қырғызстан мен Өзбекстан азаматтары бар.

Нақты мәлімет бойынша, өрттен көз жұмғандар саны 12-ге жетті. Марқұм болған үш бала бар, оның біреуі- емшектегі сәби. РФ тергеу комитеті өз кезегінде бір ғана кәмелетке толмаған жасөспірімнің өлімін растап отыр.

 Марқұмдардың дені өзбек және қырғыз азаматтары боп шықты. Интерфакс агенттігінің құқық қорғау органдарындағы дереккөз 4 сағатта сөндірілген өрттің екі жерден таралғанын хабарлаған. Бұл төтенше оқиғаға әдейі от қою себеп болды деп жорамалдауға негіз береді.

Адамдардың қаза табуына байланысты «Байқаусызда адам өліміне немесе өзге де ауыр зардаптарға әкелген мүлікті әдейі жою немесе зақымдау» бабы бойынша қылмыстық іс қозғалды. Тергеу орындары өрт шығуына себеп болған барлық жорамалдарды тексеруде.

Абай-ақпарат

0 пікір

Үздік материалдар

Көкжиек

Азаматтық қоғам һәм ғылым мен білім дамуы...

Ахметбек Нұрсила 1394
Білгенге маржан

Париждегі кітап және қазақ даласының тарихы

Өмір Шыныбекұлы 2973
46 - сөз

«Білімге мәжбүрлеу»

Әбдірашит Бәкірұлы 1042
Ақмылтық

Көшпендер ойыны құт болсын!

Серік Ерғали 972