Сейсенбі, 15 Қыркүйек 2026
Жаңалықтар 3622 0 пікір 19 Қаңтар, 2016 сағат 14:58

ТӘЖІКСТАН: БИЛІК БҮЛІКТІҢ АЛДЫН АЛА АЛМАДЫ

Тәжікстанның Жоғарғы сотының төрағасы Шермахмад Шохиён елдің құқық қорғау органдары өткен жылдың қыркүйегінде бұрынғы қорғаныс министрінің орынбасары Абдухалим Назарзоданың басшылығымен болған бүліктің алдын ала алмады деп, аталған мекемені жауапсыз деп айыптады.

Жоғарғы сот төрағасы алдын ала тергеу жұмыстары кезінде Тәжікстанда тыйым салынған Исламның өркендеуі партиясының лидері Мухиддин Кабиридің және оның өзге әріптестерінің көтеріліске тікелей қатысты болғаны анықталды дейді. Шохиённің сөзінше, Мухиддин Кабиридің өзі бүлікті тікелей қаржыландырған.

Ол бұл оқиғаға қатысты қылмыстық іс Жоғарғы сотқа келіп түскенін, ал Исламның өркендеуі партиясының белсенділеріне қатысты істі елдің Бас прокуратурасы зерттеп жатыр деді.

Абай-ақпарат

0 пікір

Үздік материалдар

Көкжиек

Азаматтық қоғам һәм ғылым мен білім дамуы...

Ахметбек Нұрсила 1189
Білгенге маржан

Париждегі кітап және қазақ даласының тарихы

Өмір Шыныбекұлы 2718
46 - сөз

«Білімге мәжбүрлеу»

Әбдірашит Бәкірұлы 838
Ақмылтық

Көшпендер ойыны құт болсын!

Серік Ерғали 808