Сенбі, 23 Қараша 2024
Жаңалықтар 4332 1 пікір 29 Желтоқсан, 2015 сағат 09:21

СЕНАТ ҰҚК БАСШЫСЫН ТАҒАЙЫНДАУҒА КЕЛІСТІ

Парламент сенаты кешегі пленарлық отырысында Владимир Жұмақановты Қазақстанның ұлттық қауіпсіздік комитетінің (ҰҚК) төрағасы етіп тағайындау ұсынысын қолдады.

Тағайындауға келісім беруді президент әкімшілігінің жетекшісі Нұрлан Нығматулин сұраған.

Өткен жұма күні Қазақстан президенті Нұрсұлтан Назарбаев Нұртай Әбіқаевты ҰҚК төрағасы қызметінен босатып, сенат депутаты етіп тағайындаған. Назарбаев ҰҚК қызметіне Әбіқаевтың бірінші орынбасары болған Владимир Жұмақановты ұсынған.

Назарбаев 25 желтоқсан күні туған ағасының ұлы - 38 жастағы Самат Әбішті ҰҚК төрағасының бірінші орынбасары етіп тағайындаған.

Абай-ақпарат

1 пікір

Үздік материалдар

Сыни-эссе

«Таласбек сыйлығы»: Талқандалған талғам...

Абай Мауқараұлы 1470
Білгенге маржан

«Шығыс Түркістан мемлекеті бейбіт түрде жоғалды»

Әлімжан Әшімұлы 3245
Біртуар

Шоқанның әзіл-сықақтары

Бағдат Ақылбеков 5408