СЕМІЗДІКТЕН АРЫЛҒАН ҚАЗАҚСТАНДЫҚ ЖҰЛДЫЗДАР
Өнер сүйер қауым эстрада жұлдыздарының әніне ғана емес, көрікті келбетіне де аса мән береді. Көңілінен шығып жатса, еліктеуге тырысады, ұйқысыз түндерді бастан кешіп, кумиріне ессіз ғашық болады.
Өз кезегінде ел еркелері де әдемі, жас көрінуге барын салып, сұлу қалпын сақтап қалуға тырысып жатады. NUR.KZ толықтығынан арылып, әдемі мүсінімен көзге түскен қазақстандық әртістерді назарларыңызға ұсынады.
Ләйлә Сұлтанқызы
Танымал тележүргізуші Ләйлә Сұлтанқызының бір кездері толық бойжеткен болғанын қатарлас жүрген әріптестері ғана біледі. Ал бүгінде тал шыбықтай бұратылған телевизия жұлдызының сымбатынан көз сүрінеді.
Жақында Ләйлә Сұлтанқызы жанкүйерлеріне әлеуметтік желіде кітап жазып жатқанын, диета туралы көлемді мақала дайындау үстінде екенін жариялаған болатын.
Мәдина Сәдуақасова
Әнші Мәдина Сәдуақасова да бірде толықтап, бірде арықтауға бейім әртістердің бірі. Бірақ, тыңдармандар Сәдуақасованың табиғи сұлулығын, қылықты ару екенін жоққа шығармайды.
Мақпал Исабекова
Мақпал Исабекова келбетін өзгертуден еш жалықпайтын әнші екенін ескерсек, әртістің бұрынғы қалпынан әлдеқайда сұлулана түскенін, біраз салмақ тастағанын анық байқауға болады.
Бағым Мұхитденова
Музыкалық продюсер, Баян Есентаеваның туған сіңлісі Бағым Мұхитденова да бүгінгі кейпі жылдар бойы атқарылған еңбектің жемісі екенін мойындайды. Бірақ, продюсер әлі де біраз салмақ тастағысы келетінін жасырмайды.
Индира Расылхан
Әнші Индира Расылхан көпшілікке салмағының 96 келіге дейін барғанын айтып таңғалдырған болатын. Әртіс мұның себебін бала босануымен байланыстырады. Қазірде Индира артық салмақтан арылып, бойын ширақ ұстайды.
Алтынай Жорабаева
Алтынай Жорабаеваның да толық келбеті ел есінде. Бірақ, ел алдында жүретінін ескеріп, дене күтімін бірден қолға алған әнші артық салмаққа жол бермейді.
Қарақат Әбілдина
Қарақат Әбілдина бір уақытта толып кетсе де, сахнадан алыстап кеткен емес. Әнші биік талғамының арқасында жарасымды көйлектерімен көрермен көзайымы болып жүреді.
Алиса Бржставицкая
Танымал әнші, қазақстандық “Давай поженимся” жобасының жүргізушісі Айгүл Бабаеваның қызы Алиса Бржставицкая ғаламторда өзінің 50 келі артық салмақты қалай тастағанын оқырмандармен бөліскен еді.
Бала босанған соң, қатты семіріп кеткен бойжеткен адамның үйреншікті қалпын бұзбау үшін дұрыс тамақтануды басты орынға қояды. Сондай-ақ, спорт тәннің саулығын сақтайтын ең маңызды нәрсе екенін айтады.
abai.kz