Сенбі, 23 Қараша 2024
Жаңалықтар 4570 0 пікір 25 Желтоқсан, 2015 сағат 13:30

СУ РЕСУРСТАРЫ КОМИТЕТІ ЕСЕП КОМИТЕТІНІҢ ЕСКЕРТПЕЛЕРІНЕ ЖАУАП БЕРДІ

 Ауыл шаруашылығы министрлігінде Су ресурстары комитетінің 2015 жылды қорытындылауға арналған алқа отырысы өтті. Онда комитет басшысы Ислам Әбішев Республикалық бюджеттің атқарылуын бақылау жөніндегі есеп комитетінің ескертпелеріне жауап берді деп жазады http://www.qazaquni.kz сайты ҚазаАқпарат агенттігіне сілтеме жасай отырып.

«Бізде бухгалтерлік жұмыстарда олқылықтар болды, алайда бұл комитет мүлдем бухгалтериясыз жұмыс істеді дегенді білдірмейді. Бізде баланс толығымен жүргізіледі, дебиторлық-кредиторлық борыштар толық жасалады, қазынашылық жұмыс істеп те жатыр. Жалпы комитет 20 жылда бірінше рет тексеріліп тұрған жоқ қой», – дейді Ислам Әбішев (суретте). Оның айтуынша, бақылау нысанына іліккен жалпы сома 74 млрд. теңгені құрайды, ал бұзушылықтар анықталған сома 73 млрд. теңге болып отыр. Су ресурстары комитетінің басшысы бұндай жағдай формальды ережелерге байланысты туындағанын алға тартады.

«Негізінен бұзушылықтардың басым бөлігі процедуралық сипатта болып табылады. Мәселен, 73 млрд. теңгенің 36 млрд. теңгесі бойынша атқарылған жұмыстарды қабылдау актісіне «ҚазСу Шаруашылығы» қызметкерлерінің қол қойғаны айтылады, ал бұл мекеме Су ресурстарына қарасты компания. Енді біз өзімізге қарасты мекеме қызметкерлері неге қол қоюға болмайды деп сұраймыз, өйткені, оларда тиісті сертификаттар бар ғой. Яғни, біз тапсырыс беруші ретінде өзіміздің функциямызды оларға беріп отырсақ, оларға жергілікті жерлерде атқарылған құрылыс жұмыстарының сапасын бақылап, оны растауына неге болмайды? Біз бұны дұрыс деп санамаймыз», – деді комитет басшысы.

Оның айтуынша, комитетке қарасты жылына ең кемі 100 нысанның құрылысы жөндеуден өтіп, кейбірі жаңадан салынады. Ал ол нысандарының барлығын екі адам аралап, құрылыс сапасын бақылап, соған қатысты құжаттарға қол қоюы да мүмкін емес. Осыған байланысты, комитет басшысы құжатқа қол қоюшылар ең алдымен жұмыс сапасының қалай атқарылғанын бақылауы керектігін алға тартады. «Жалпы мұндай құжаттарға жергілікті жерлерде қол қою тәжірибесі 2012 жылдан бастап жүзеге асып келеді. Содан бері дәл осы құрылыстар сапасына қатысты ешқандай да бір проблемалы нысан болған емес, ал бұрын олардың саны 40-қа жуықтаған еді», – дейді Ислам Әбішев.

Абай-ақпарат

0 пікір

Үздік материалдар

Сыни-эссе

«Таласбек сыйлығы»: Талқандалған талғам...

Абай Мауқараұлы 1465
Білгенге маржан

«Шығыс Түркістан мемлекеті бейбіт түрде жоғалды»

Әлімжан Әшімұлы 3236
Біртуар

Шоқанның әзіл-сықақтары

Бағдат Ақылбеков 5371