Сенбі, 23 Қараша 2024
Жаңалықтар 3756 0 пікір 25 Желтоқсан, 2015 сағат 11:20

ЛАНКЕСТЕРДІ АЗАМАТТЫҒЫНАН АЙЫРУДЫ ҰСЫНДЫ

Қырғызстан президенті Алмазбек Атамбаев террорлық және экстремистік ұйымдарға өз еркімен мүше болғандарды азаматтығынан айыруды ұсынуда.

Бішкектегі жылды қорытындылаған баспасөз конференциясында Атамбаев Қырғызстанның 400-500 шақты азаматы «Ислам мемлекеті» секілді террорлық ұйымдарға қосылғанын хабарлады.

«Ең қиыны олардың кеткенінде емес, осы індетті жұқтырғандардың елге қайтып келгенінде», - деді президент.

Сонымен бірге ол: «Франция  Париждегі террорлық шабуылдардан кейін Конституциясына өзгерістер енгізіп, терроршылар жағына өткендерді азаматтығынан айырғалы жатыр. Біз де осындай адамдарға тосқауыл қоюымыз қажет.Қазір Конституция бойынша ешкімді азаматтығынан айыра алмаймыз. Дегенмен ұлттық қауіпсіздікті  ойлауға тиіспіз. ИШИМ-мен ғана емес, діни сауатсыздықпен де күресу керек. Бар пәле сауатсыздықтан», - деп сөзін түйіндеді.

Абай-ақпарат

0 пікір

Үздік материалдар

Сыни-эссе

«Таласбек сыйлығы»: Талқандалған талғам...

Абай Мауқараұлы 1465
Білгенге маржан

«Шығыс Түркістан мемлекеті бейбіт түрде жоғалды»

Әлімжан Әшімұлы 3236
Біртуар

Шоқанның әзіл-сықақтары

Бағдат Ақылбеков 5371