Дүйсенбі, 14 Қыркүйек 2026
Жаңалықтар 4227 0 пікір 25 Желтоқсан, 2015 сағат 11:09

БҰҰ ИМ ОТБАСЫЛАРЫНЫҢ ҚОНЫС АУДАРУЫНА КЕЛІСТІ

«Ислам мемлекеті» тобындағы бірқатар адамның отбасы мен бірнеше жаралы жауынгер БҰҰ араласуымен өткен келіссөз бойынша Дамаск қаласының көтерілісшілер бақылауындағы оңтүстік бөлігінен кетеді деп жоспарланған.

Syrian Observatory for Human Rights құқық қорғау ұйымының жетекшісі Рами Абдулрахамның айтуынша, Дамаск түбіндегі Ярмуктағы палестиналық босқындар қонысынан бастап, көрші Хаджар аль-Асвадқа дейін қауіпсіз дәліз ашылады.

Бұл адамдардың бәрі бірнеше айда ИМ бақылауындағы Сирияның солтүстіндегі Ракка қаласы мен өзге де аймақтарға жеткізіледі деген болжам бар. Syrian Observatory for Human Rights-тың хабарлауынша, оларды тасымалдау үшін өңірге бірнеше автобус келген.

Абай-ақпарат

0 пікір

Үздік материалдар

Көкжиек

Азаматтық қоғам һәм ғылым мен білім дамуы...

Ахметбек Нұрсила 1148
Білгенге маржан

Париждегі кітап және қазақ даласының тарихы

Өмір Шыныбекұлы 2681
46 - сөз

«Білімге мәжбүрлеу»

Әбдірашит Бәкірұлы 795
Ақмылтық

Көшпендер ойыны құт болсын!

Серік Ерғали 763