Сенбі, 23 Қараша 2024
Жаңалықтар 3992 0 пікір 18 Желтоқсан, 2015 сағат 09:20

АЛМАТЫДА ЖЕЛТОҚСАН ОҚИҒАСЫН ЕСКЕ АЛДЫ

Бүгін Алматыда 1986 жылғы Желтоқсан оқиғаларын еске алуға арналған шаралар өтті. Жүздеген адам қала орталығындағы Желтоқсан құрбандарына арналған «Тәуелсіздік таңы» ескерткішінің алдына жиналды.

Гүл шоғын қою рәсіміне Алматы әкімі Бауыржан Байбек,қоғам қайраткерлері, саясаткерлер мен азаматтық белсенділер қатысты. Гүл шоғы қойылып, құрбандардың рухына құран бағышталған соң, жиналғандар қала әкімшілігі жыл сайын ұйымдастыратын асқа барды.

1986 жылы желтоқсанның 17-18-і күндері Алматыда, кеңестік Қазақстанның басшылығына Мәскеудің шешімімен Геннадий Колбиннің тағайындалуына наразы болған студенттер мен жұмысшы жастардың шеруі болды. Жастардың наразылығы күшпен басып-жаншылды, ел бойынша шеруге қатысқандар мен өзге де сенімсіз азаматтарға қарсы жазалау науқаны өтті. Басым бөлігі жастардан тұрған 99 адам түрмеге жабылды. Желтоқсан оқиғасының ең танымал қатысушыларының бірі - Қайрат Рысқұлбеков өзіне кесілген ату жазасы 25 жылға бас бостандығынан айыруға алмастырылған соң, түрмеде жұмбақ жағдайда қаза тапты. 

Құқық қорғаушы ұйымдар мен оппозициялық саясаткерлер 1986 жылғы Желтоқсан оқиғасы мен одан кейінгі қуғын-сүргіннің ақ-қарасы күні бүгінге дейін анықталған жоқ деп санайды.

Абай-ақпарат

0 пікір

Үздік материалдар

Сыни-эссе

«Таласбек сыйлығы»: Талқандалған талғам...

Абай Мауқараұлы 1482
Білгенге маржан

«Шығыс Түркістан мемлекеті бейбіт түрде жоғалды»

Әлімжан Әшімұлы 3254
Біртуар

Шоқанның әзіл-сықақтары

Бағдат Ақылбеков 5485