Дүйсенбі, 21 Қыркүйек 2026
Бәсе... 7704 0 пікір 15 Желтоқсан, 2015 сағат 10:14

ЕСКІ ӘНҰРАН: ЕЛШІЛІКТЕРГЕ АРНАЙЫ ХАТ ЖОЛДАНДЫ

​Ірі спорт жарыстарында әнұранды шатастыру оқиғалары жиілеп кеткендіктен, Қазақстанның барлық елшілігіне хат жолданды.

Бұл туралы Астанада мәдениет және спорт вице-министрі Сәкен Мұсайбеков мәлімдеді. Хаттарда спорт шараларын ұйымдастырушыларға гимннің дұрыс нұсқасын беру туралы тапсырма берілген.

Қазақстанның ескі әнұраны биылғы жылдың қарашасында Хельсинкиде «Барыс» - «Йокерит» хоккей командаларының кездесуінде ойналған еді. Сонымен бірге, Грозныйдағы жарыста топ жарған ауыр атлет Илья Ильин мен Хорватиядағы жарыстың жеңімпазы, мәнерлеп сырғанаушы Денис Тенді марапаттау кезінде де қолданыстан шыққан әнұран орындалған болатын.

«Менің Қазақстаным» әні 2006 жылы ескі гимнді алмастырған. Музыкасын жазған Шәмші Қалдаяқов, сөзінің авторлары ретінде ақын Жұмекен Нәжімеденов пен Қазақстан президенті Нұрсұлтан Назарбаев көрсетілген. 

Абай-ақпарат

0 пікір

Үздік материалдар

Көкжиек

Азаматтық қоғам һәм ғылым мен білім дамуы...

Ахметбек Нұрсила 1360
Білгенге маржан

Париждегі кітап және қазақ даласының тарихы

Өмір Шыныбекұлы 2945
46 - сөз

«Білімге мәжбүрлеу»

Әбдірашит Бәкірұлы 1013
Ақмылтық

Көшпендер ойыны құт болсын!

Серік Ерғали 952