Дүйсенбі, 21 Қыркүйек 2026
Жаңалықтар 3946 0 пікір 11 Желтоқсан, 2015 сағат 12:02

АҚШ "ИМ" ҰЙЫМЫНЫҢ БАСТЫ ҚАРЖЫГЕРІНІҢ КӨЗІ ЖОЙЫЛДЫ

Америкалық әскерилер әуе соққының нәтижесінде «Ислам мемлекеті» (ИМ) террористік ұйымының қаржы директоры өлді деп хабарлайды.

АҚШ қорғаныс министрлігінің ресми өкілі, полковник Стив Уоррен 10 желтоқсанда, Абу Салах және ИМ-нің екі жоғары лауазымды басшылары әуе соққының нәтижесінде қайтыс болды деп мәлімдеді.

Уоррен Абу Салахты «көтерілісшілердің қаржы желісін басқарып отырған тәжірибелі адамдардың бірі» деп атады.

«Ислам мемлекеті» 2014 жылдың маусымында Сирия мен Ирак аумағына кірген экстремистік топ. АҚШ басқарып отырған халықаралық коалиция бір жылдан астам ИМ-ге қарсы әуе соққысын жасап келеді. 

Абай-ақпарат

0 пікір

Үздік материалдар

Көкжиек

Азаматтық қоғам һәм ғылым мен білім дамуы...

Ахметбек Нұрсила 1346
Білгенге маржан

Париждегі кітап және қазақ даласының тарихы

Өмір Шыныбекұлы 2921
46 - сөз

«Білімге мәжбүрлеу»

Әбдірашит Бәкірұлы 999
Ақмылтық

Көшпендер ойыны құт болсын!

Серік Ерғали 930