Сәрсенбі, 27 Қараша 2024
Жаңалықтар 2832 0 пікір 11 Желтоқсан, 2015 сағат 11:50

САЛТ АТТЫ ҰСТАЛДЫ

 Желтоқсанның тоғызы күні «Өскемен» шекара отрядының «Ақсақал» шекара заставасының аумағында, «Байтанат авто» шекаралық бақылау пункітінен солтүстікке қарай 5 шақырымдық қашықтықта шекара наряды Ресейге қарай кіріп, қайта шыққан салтаттының ізін тапқан. Із иесінің қай жерге дейін барып-қайтқандығын анықтау мақсатында кеше ресейлік әріптестерге хабар жіберілген болатын деп хабарлайды  ҚР ҰҚК ШҚ баспасөз қызметі.

Қазақстандық шекарашылар осы із арқылы 40 жастағы Ербол есімді Байтанат ауылының тұрғынын ұстап, сұраққа ала бастаған кезде, Ресейдің Федералдық қауіпсіздік комитетіне қарасты Федералдық шекара қызметінің Барнаул аумағы бойынша кезекшісінен жауап та келіп түсті. Олар қазақстандық шекарашылардың берген ақпараты бойынша кірген ізді қуалай отырып Ресей аумағындағы Круглое елді мекеніндегі бір үйдің қақпасына тіреліп, сол үйден 56 жастағы Александр есімді ресейлікті және 42 жастағы Сергей есімді қазақстандықты ұстаған. Олардан жалпы салмағы 100 кг-ның о-жақ, бұ-жағында болатын екі қап кептірілген «марихуана» есірткісін тәркілеген.

Бұл алынған ақпараттан кейін, біздің елдің аумағында ұсталған Ербол бұдан әрі қасарысудан пайда жоқ екендігін түсініп, есірткіні Ресейде ұсталған адамдарға өзі апарып беріп келгендігін мойындады. Тергеу амалдары әрі қарай жалғасуда.

Абай-ақпарат

 

0 пікір

Үздік материалдар

Сыни-эссе

«Таласбек сыйлығы»: Талқандалған талғам...

Абай Мауқараұлы 1558
Білгенге маржан

«Шығыс Түркістан мемлекеті бейбіт түрде жоғалды»

Әлімжан Әшімұлы 3358
Біртуар

Шоқанның әзіл-сықақтары

Бағдат Ақылбеков 6281