Сенбі, 23 Қараша 2024
Деп жатыр 6665 0 пікір 10 Желтоқсан, 2015 сағат 13:45

МЕМСЫЙЛЫҚТЫ "ПЛАГИАТТАР" АЛА МА?

ҚР Премьер-Министрінің орынбасары Дариға Нұрсұлтанқызы Назарбаеваға

АШЫҚ ХАТ

 Құрметті   Дариға Нұрсұлтанқызы!

Аталған шағым 03 қыркүйек 2015 жылы сіздің алдыңызда ҚР Премьер-Министрінің орынбасары болған Б.Сапарбаевтің атына жазылған еді. Оның орнына қызметке келген сіз бұл шағымды  өз қолыңызды қойып 2015 жылы 14 қыркүйек күні шығыс №20-51/Қ-1477-жт нөмірімен Білім және ғылым министрі А.Сәрінжіповке тексеру үшін жіберген екенсіз. Алайда сіздің тапсырмаңыз міне 2 айдан асты орындалмауда, сол себептен   ҚР Конституциясының 33 бабына сүйеніп өзіңізге  екінші мәрте    жіберуге  мәжбүр болып отырмын.

Жоғарғы оқу орындарының басшыларының сыбайластық әрекеттері қоғам дамуына кері әсерін тигізетін дертке айналған. Алматыдағы Әл-Фараби атындағы университеттегі былықты, ректор Мұтановтың мемлекеттік сыйлыққа ұсынған кітабының 30 беті өзге ғалымдардан көшірілгендігі, яғни «плагиат» екендігі дәлденсе де министрліктегілер оны жасырып қоғамға жат қылық сыбайластық әрекетпен жең ұшынан жалғасу арқылы жасыруда. 

Маған «бас десем құлақ» деп заңға қайшы әрекетке барып  қатардағы қызметкер Г.Көбенованың қолымен сырғытпа жауап беріп Сәрінжіпов пен Балықбаев лауазымды биліктерін асыра пайдаланып,  қызметтік әрекетсіздікке жол беріп ҚР ҚК-дегі заңмен қудаланатын қылмыс жасап отыр. Шара қолдануыңызды сұраймыз. Заң алдында азаматтар лауазымына қарамай тең құқылы.

Несколько ученых на конкретных фактах доказали, что г-н Мутанов в изданной в 2011 году монографии «Экономико-математические методы и модели», выдвинутой, кстати, на госпремию, практически 50 страниц «позаимствовал» из четырех разных источников. О чем забыл упомянуть в списке использованной литературы, выдав материал исключительно за собственный. В числе источников фигурировали российские и казахстанские экономисты, а также некий анонимный автор студенческой курсовой из интернета. Более того, по словам анализировавших монографию ученых, плагиат был осуществлен крайне небрежно, без правок опечаток и т.д., попросту отсканирован с оригинальных работ (использованы даже графики).

Оценку «научным изысканиям» ректора поставили и в правительстве. «Факт плагиата однозначно подтвержден. В решении комиссии речь идет о совершенно конкретной вещи – заимствовании части произведений науки без указания источника. То есть, именно плагиат. Такая формулировка выбрана в соответствии с действующим законодательством Казахстана», - сообщил председатель Комитета науки МОН РК Нурлан Ыбырайым. Кроме того, представитель МОН подчеркнул, что в мировой практике руководители любого ранга, уличенные в плагиате, необратимо теряют доверие и покидают занимаемые посты. Ал Мұтанов мырза міз бақпай түк болмағандай ұялмай ақ талтаңдап студенттерге, оқытушыларға «ҮЛГІ» болып жүре бере ме? 

Ректорлық  билік  ата-бабаларынан мұра болып  қалғандай сезінетін  Ұлттық мәртебесі бар университеттің ректорлары (кейбірі 20 жылдан астам осы билікте) негізгі міндеттері болып саналатын, жастарға сапалы білім берудің орнына, биліктерін асыра пайдаланып мемлекеттің тәуелсіздік таянышына оның қауіпсіздігіне қатер төндіретін дертті құбылыс сыбайластыққа  бой  алдырып өз мүдделерін қоғам мүддесінен жоғары қоюда.  

Сыбайластық «дерт», жат құбылыс біздің  халықтың жанды буынына еніп әбден жайлап алып, асқынып тұрған жайы бар. Сондай бір фактіні сіздің атыңызға дереу ШЕШУ үшін жолдап отырмын. (қосымшада-9 парақ) Өйткені білім ғылым министрлігіндегі жең ұшынан жалғасқандар, әсіресе министрдің орынбасары Т.Балықбаев пен министр А.Сәрінжіповтер аттарына жазған хаттарыма жауап та бермеді, тек комитет басшыларының орынбасарларының-орынбасарларына қол қойдырып қылмыстарды жасырып өздері сыбайластыққа  жол беруде.   Олар  ҚР «Сыбайлас жемқорлықпен күрес туралы» заңының 12-бабының 10, 12 тармақтарында көрсетілген заң нормасын  және ҚР ҚК 361,362, 370, 416 – баптарында көзделген қылмысқа  жол бергендері үшін   жауапкершілікке тартылуы тиіс. Өйткені заң алдында мансабы  қорған бола алмайды. Олар экс-министрдің   докторлық диссертациясының өзі жазбағанын, Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-дің қазіргі ректоры Ғ.Мұтановтың мемлекеттік сыйлыққа ұсынған еңбегінің плагиат екендігін жасырып отыр.

Ал заң саласында  «коррупция-сыбайластық» сөзі  қылмыстың бір түріне жатқызылған, немесе қызмет жағдайын пайдалану деген мағынаны білдіреді. Сыбайластық  ол қызмет бабын жеке басының мақсатына пайдалану арқылы жүзеге асады. Лауазым иелерінің қызмет бабын пайдалану арқылы  сыбайластық жолмен жеке мүддеге қызмет көрсетуі  де коррупциялық әрекетке жатады.

Мемлекеттік  атқару билігі қызметкерлеріне берілетін билік өкілеттігі жеке басқа емес, тікелей қоғам мүддесіне қызмет етуі тиіс. Коррупция жеке бастың  пайдасына қызмет етерде астыртын жұрттан жасырып әрекет етеді. «Біліп тұрып, білместікке баратын» коррупцияланған билік өкілдері қашанда «өз еркімен, саналы түрде қылмысқа барған қылмыскер» ретінде бағаланады. Жалған айыптаулар бойынша  қудалау, жалған «куәгерлер» жасау, жазықсыз адамды кінәлі ету, ықпалды лауазым иелерінің мүддесіне сай шешім шығару да коррупциялық әрекетке жатады.

ҚР азаматы  Қуандық Есенғазы Сләмғазыұлы,

тарих ғылымдарының докторы, профессор

А.Байтұрсынов атындағы   «Саңлақ»  автор медалінің иегері

Abai.kz

 

0 пікір

Үздік материалдар

Сыни-эссе

«Таласбек сыйлығы»: Талқандалған талғам...

Абай Мауқараұлы 1487
Білгенге маржан

«Шығыс Түркістан мемлекеті бейбіт түрде жоғалды»

Әлімжан Әшімұлы 3257
Біртуар

Шоқанның әзіл-сықақтары

Бағдат Ақылбеков 5523