Жұма, 18 Қыркүйек 2026
Жаңалықтар 4550 0 пікір 9 Желтоқсан, 2015 сағат 12:37

ТРАМП ПРЕЗИДЕНТ БОЛУ ҚҰҚЫҒЫНАН АЙРЫЛУЫ МҮМКІН

2016 жылғы АҚШ президенті сайлауына қатысатын Республикалық партияның үміткерінің бірі - Дональд Трамптың мұсылмандарды АҚШ-қа кіргізбеу туралы мәлімдемесі Ақ үйдің сынына ұшырады.

Ақ үй баспасөз хатшысы Джош Эрнесттің бағалауынша, мұнадай пайымдаулар оны президент болу құқығынан айырады.

Ақ үй баспасөз хатшысы мұндай ұсыныстың Трампты дода жолынан "шығаратынын" және оның сайлауалды науқаны "тарихтың шаң басқан бумаларын" еске түсіретінін айтты.

Трамп болған оқиғалардың аражігін айырғанға дейін барлық мұсылманды АҚШ-қа мүлдем кіргізбеу керектігін мәлімдеген еді. Желтоқсанның 7-де Трамп мұндай шараны өткен аптада Калифорнияда адамдарға оқ атқан ерлі-зайыпты мұсылман отбасының ісінен кейін ұлттық қауіпсіздікті жақсартатын әдіс есебінде ұсынды.

Абай-ақпарат

0 пікір

Үздік материалдар

Көкжиек

Азаматтық қоғам һәм ғылым мен білім дамуы...

Ахметбек Нұрсила 1303
Білгенге маржан

Париждегі кітап және қазақ даласының тарихы

Өмір Шыныбекұлы 2857
46 - сөз

«Білімге мәжбүрлеу»

Әбдірашит Бәкірұлы 957
Ақмылтық

Көшпендер ойыны құт болсын!

Серік Ерғали 893