Сенбі, 23 Қараша 2024
Билік 4616 0 пікір 9 Желтоқсан, 2015 сағат 12:11

ШЫМКЕНТТЕ ЖАҢА ӨРТ СӨНДІРУ ДЕПОСЫ АШЫЛДЫ

Шымкент қаласы «Достық» шағын ауданында өрт сөндіру депосының ашылу рәсімі өтті. Салтанатты шараға вице-министр В.Божко мен облыс әкімі Б.Атамқұлов қатысты.

Ашылу салтанатында сөз алған облыс басшысы өңірімізде жыл сайынғы тұрғындардың өсіміне байланысты азаматтардың қауіпсіздігі, сондай-ақ төтенше жағдайларды ескерту мен оны жоюды қолға алу басты мәселелер екендігін айтты.

Біздің аймаққа 118 өрт сөндіру депосы қажетті болса, оның 47-сі ғана осында орналасқан.

Осыны ескерген облыс әкімі Төтенше жағдайлар департаменті материалдық-техникалық базаны нығайтуға, жаңа өрт сөндіру депосының қүрылысына қаржы қарастыру қажеттігін айтты. Осыған байланысты бүгінде ҚР бюджеттік Кодексіне министрліктер мен ведомстволардан толықтырулар жөнінде сауалдар жасалуда.

«Сыйымдылығы алты автокөлікке арналған жаңа өрт сөндіру бөлімінің құрылуы қосымша жұмыс орындарын ашуға жол ашады. Бұл тұрғындарды жұмыспен қамту жөніндегі стратегияның жүзегеге асуына ықпал етеді. Өрт сөндіру депосының іске қосылуы осындағы тиісті бөлімшелердің төтенше жағдайларда жедел әрі ұйымдасқан түрде ауыздықтауына мүмкіндік береді. Бұл өз кезегінде материалдық шығындар мен адам өлімінің мейлінше аз болуына ықпал етпек»,- деді өз сөзінде В.Божко.

Аймақ басшысы өрт қауіпсіздігі жүйесінің тұрақты жұмыс жасауына облыс әкімдігі тарапынан барлық жағдай жасалатынын сендірді.

Айта кету керек, Оңтүстік Қазақстан облысының аумағында соңғы 30 жыл ішінде бұл салынған депо бірінші болып отыр. Төрт қабаттан тұратын өрт сөндіру депосы заманауи талаптарға сай құрал-жабдықтармен, тұрмыстық техникалармен, тұрғын жай бөлмелерімен қамтамасыз етілген. Нысанның аумағында оқу ғимараты, кәсіби біліктіліктерін шыңдауға арналған спорт алаңы да бар.

Жаңа өрт сөндіру бөлімі «Достық» шағын ауданының және 58 500 халқы бар жақын орналасқан елді мекендердің өртке қарсы қорғауды қамтамасыз етеді.

ОҚО әкімінің баспасөз қызметі

Abai.kz

0 пікір

Үздік материалдар

Сыни-эссе

«Таласбек сыйлығы»: Талқандалған талғам...

Абай Мауқараұлы 1483
Білгенге маржан

«Шығыс Түркістан мемлекеті бейбіт түрде жоғалды»

Әлімжан Әшімұлы 3255
Біртуар

Шоқанның әзіл-сықақтары

Бағдат Ақылбеков 5502