Владимир Школьник «Қазатомөнеркәсіптің» сатылатыны туралы әңгімені жоққа шығарды
Алматы. 29 мамыр. ҚазТАГ - Дилярам Аркин. «Қазатомөнеркәсіп» АҚ ҰАК басшысы Владимир Школьник ұлттық компанияның сатылатыны туралы әңгімені жоққа шығарды.
«Бұл толығымен лақап және қауесет. «Қазатомөнеркәсіпті» сату туралы ешқандай әңгіме жоқ. Тағы да қайталаймын, мұның барлығы өсек, лақап және жәй әшейін алып қашпа әңгіме», - деп түсіндірді ол ҚазТАГ тілшісіне. Бұл ретте В. Школьник: «Бүгін таңертең марс тұрғындары Күнге қонып және Жерді жаулап алайын деп жатыр екенін сіз естіген жоқсыз ба? Естіген жоқсыз ғой, ия? Ендеше сіздің де менен «Қазатомөнеркәсіп» туралы сұрап тұрғаныңыз сол сияқты!», - деп қосып қойды.
Алдын хабарланғандай, «Капитал.kz»-тің мәліметі бойынша, «Қазатомөнеркәсіп» АҚ ҰАК-сын сатуға дайындап жатқан көрінеді. Басылым деректері бойынша, әлеуетті сатып алушылар Ресей, Қытай, Франция мен Италия болуы мүмкін.
Бірақ, «Самұрық-Қазына» ҰӘҚ басшысы айрат Келімбтовтың айтуынша, атом компаниясының басшысының ауысуы оның жоспарлары мен міндеттеріне ешқандай зиянын тигізбейді.
«Қазатомөнеркәсіптің» екі жақты және көпжақты қарым-қатынас аясында жарияланған барлық халықаралық келісімдер мен жобалары, қажет болған жағдайда белгіленген тәртіппен «Самұрық-Қазына» қорымен расталып отырады. Егер ондай қажеттік болмаса, демек, олар жалғаса береді», - деді ҰӘҚ басшысы, «Қазатомөнеркәсіптің» жаңа басшысы В. Школьникті таныстыра отырып.

Алдын хабарланғандай, ҰҚК 24 мамырда «Қазатомөнеркәсіптің» экс-басшысы М. Жәкішевті қамады. Онымен қоса ұлттық компанияның бірқатар лауазым иелері аса ірі мөлшерде қаржы жымқырған деп күдіктеледі. Оларға қатысты ҰҚК қылмыстыөқ іс қозғап тергеу амалдарын жүргізуде.
М. Жәкішев бұдан сәл бұрын бас прокуратураның ұсынысымен «Самұрық-Қазына» басқарма шешімімен «Қазатомөнеркәсіп» басшылығынан босатылған.