Сенбі, 23 Қараша 2024
46 - сөз 6638 0 пікір 7 Желтоқсан, 2015 сағат 09:48

"ҚҰНАНБАЙДАН" ҚАЗАҚ БОЛЫП ТУҒАНЫМА ҚУАНЫП ШЫҚТЫМ

Жексенбіде бір бітірген пайдалы ісіміз болса, ол - осы фильмге баруымыз шығар. Себебі, айналамдағылар "Құнанбайдан" кейінгі әсерлерін жеткізе алмай жүрген. Көп естігеннен бір көрген артық, рас. Ал, енді кино туралы:

Біз білетін Құнанбайдың болмысы мұнда жоқ. Қатаң, кей жерлерде озбыр деп сипатталатын Құнанбайдың қалдығын да көре алмадық. Бұл тиынның екі жағы болады дегеннің дәлелдемесі болды. Образ жақсы ашылған. Себебі, біз адамдарды сырт келбетіне, дидарына қарап-ақ, жаман не жақсы деп баға беріп үйреніп кеткенбіз. Ал, осы әрекетінің соңында не жатыр деген сауалды көп қоймаймыз. Кинодағы бірнеше кадрлардан алған тәрбием осы болды. Мейлі, Қодар мен Қамқаны өлімге кессін, түптің түбінде шариғат бойынша аруласын деп келісім берді. Демек, іштей оның жүрегі жұмсақ, иманды кісі болғаны. Иә, мүмкін образ әсіре жұмсарып кеткен шығар. Қазаншының өз еркі дегеннің кебі деп қабылдадым. Десе де, қазақтың қандай болғанын көз алдыма келді. Намысты, айбарлы, аузынан Алласы түспеген және аса сабырлы. Бізде жоғалып бара жатқан қасиеттерді көрсету арқылы көрерменді тәрбиелеудің бірінші планға қойылғаны қуантты. Салт-дәстүр мен шариғаттың әдемі үйлесімі өз алдына бөлек әңгіме.

Мен түсінбеген сәт мынау: басталған шағында жиында жалаңаш қыздың арқанды тіспен шешуінің мәні неде? Мен осыны ұқпадым. Және сол үшін бәйгеге түйе бергені қалай? Шапан жапты ма, не істеді өзі? Осы сауалға жауап алсам, жақсы болар еді!

Қазақ үшін қазақ қана тұрады, қазаққа қазақтың ғана жаны ашиды. Соңында тергеуден соң Барақ сұлтан бастаған бір топ қазақ азаматының Құнанбайды алып кетуге келген сәті бір елжіретті. Қазақтың қайсар мінезін, тектілігін, сөзге беріктігін көрсете білген шығармашылық ұжымға бас идім.

Және бір байқағаным, "Құнанбайға" еріккендер бармайды. Ой, 16.30-да бар екен, кіре салайық деп бармайды. Оған арнайы келеді. Аядай ғана залда тарыдай шашылып отырғанымыз болмаса, бір адамдай соңында шапалақтап, құрмет білдірдік. Барыңыздаршы, қазақтар. Өзі аз сеанс, өзі аз көрсетіледі. Тілегім - барып, көруге үлгеріңіздерші.

Жадыра Аққайыр

Facebook-тегі парақшасынан

 

0 пікір

Үздік материалдар

Сыни-эссе

«Таласбек сыйлығы»: Талқандалған талғам...

Абай Мауқараұлы 1479
Білгенге маржан

«Шығыс Түркістан мемлекеті бейбіт түрде жоғалды»

Әлімжан Әшімұлы 3253
Біртуар

Шоқанның әзіл-сықақтары

Бағдат Ақылбеков 5467