Жұма, 20 Қыркүйек 2024
Жаңалықтар 3475 0 пікір 5 Желтоқсан, 2015 сағат 03:00

ОҚО КӘСІПКЕРЛЕРІ ЕУРОПА КӘСІПОРЫНДАРЫН АРАЛАДЫ

Италия еліндегі сапарымыз барысында бірқатар ауылшаруашылық, тағам өнеркәсібі мен аяқ киім өндірісі саласындағы кәсіпорындарды аралау мүмкіндігі болды. Бұл туралы abai.kz порталы хабарлайды.

Әуелі Юкап Бизнес қауымдастығы жуырда Германия астанасы Берлинде іссапармен болып қайтты. Қауымдастық мүшелерін "Barex"
бизнес ассоциациясының жауапты қызметкерлері әуежайдан шынай ықыласпен қарсы алды. Сөйтіп ондағы бизнеспен шұғылданатын кәсіпкерлермен жылы жүзді
кездесулер өтті. Онда өзара пайдалы пікірлер алмасылды.

Іссапардың ІІ-і күні әлемге әйгілі Берлин қаласының іс тетігін жетік білер жеке кәсіпкерлермен пікір алысып, таңдаулы кәсіпорындарда болдық. Ондағы
атқарылып жатқан пайдалы жұмыстармен жеке танысып, бүгінгі күннің озық технологияларының іс жүзінде көріп, жаңа ойлармен оралдық. Бір сөзбен айтқанда 
неміс бизнесмендерімен достық қарым-қатынаста жұмыс істеуге болатындығына және оның пайдасы мол екеніне көзімізді жеткіздік.

Екі күндік арнайы іссапарда атақты қаланың тарихи орындарын тамашалап, әсіресе көше тазалығына разы болдық. Кезінде түрлі себептермен екіге бөлінген 
106 шақырым келетін Берлин дуалын да көзден кешірдік. Жергілікті кәсіпкерлер қонақжайлылығымен де есте қалды.


Сонан соң, Оңтүстік Қазақстан кәсіпкерлері Италия қаласында іс сапармен болды. Рет ретімен айтар болсақ. Алғашында барған кәсіпорын ауылшаруашылығы саласында ірі қара өсіру сүт өндіру және де өте мән берерлік бағыттарынан биогаз өндіріп одан электр қуатын шығарумен айналысатындығы. Аталмыш қожалық 600 ге жуық ірі қараны автоматтандырылған жүйемен оншақты жұмысшымен атқарып отыр. Сонымен қатар бұл ферма ерекшелігі қалдықсыз жұмыс жасайтындығы шыққан малақтан газ өндіріп газогенератор қондырғыларымен электр тоғын өндіріп сол өңірді қамтамасыз етуде, және де қондырғы екі жыл ішінде ақтайтындығы біздің Оңтүстік өңір қожалықтарынан АДС Агро басшысын қызықтырып келесі жылы бұл қондырғыны қойуға деген қызығушылығын тілге тиек етті. 

Келесі барған кәсіпорын таудың басында орналасқан. Демалушыларды қабылдайтын қонақ үйі бар бұл жерде жас сиыр етінен арнайы ас жасаумен қатар ірі қара тұқымдарын асылдандырумен айналысатын шаруа қожалығын көрдік. Қожалық Америкадан алып келінген асыл тұқымды ірі қараларды будандастырып, жаңа етті ірі қара түрін шығарумен айналысатын көрінеді.
Сапар барысында бірнеше кәсіпкер, аяқ киім саласының өндіруші фирмаларымен кездесуге барған болатын. Бұл кездесу барысында аяқ киім өндіру ғана емес, ол үшін керекті құрал жабдықтарды шығарушы компаниялармен де кездесіп қайтты.
Сонымен қатар ауыл шаруашылық өнімдерін өңдеумен айналысатын кәсіпорын барлық өндіріс үдерісін көрсетіп, құрал жабдық таңдау ерекшелігі мен жұмыс жасау әдісін де түсіндіріп берді. Оңтүстікке керек ақ шаруа екен.
Шет елдік сапарлардың кәсіпкерлерімізге пайдасы ең алдымен 1. Тәжірибе алмасу 2. Жаңашылдық 3. Пікірлер 
Жаңа салаға бастаймын дегендерге де мамандардың көп жылдық тәжірибесінен шыққан ұсыныстары пайда бермей қоймасы анық. 
Әрбір сапар іскер адамға ең болмағанда өз кәсібіне деген көзқарасын жаңартып, жандандыратынына сенімдіміз.

Оңтүстік Қазақстан кәсіпкерлері қауымдастығы

0 пікір