Жұма, 20 Қыркүйек 2024
Деп жатыр 4317 0 пікір 18 Мамыр, 2016 сағат 12:54

ЖАЗИРА БАЙЫРБЕК: МЕМЛЕКЕТТІҢ АТЫНАН ҚАРЫЗ АЛЫП, ЖАҒДАЙЫН ЖАСАП АЛҒАН ДӨКЕЙЛЕРГЕ ҚЫЗЫҒАМЫН

ЖАЗИРА БАЙЫРБЕК: МЕМЛЕКЕТТІҢ АТЫНАН ҚАРЫЗ АЛЫП, ЖАҒДАЙЫН ЖАСАП АЛҒАН ДӨКЕЙЛЕРГЕ ҚЫЗЫҒАМЫН

Қазақ эстрадасындағы жұлдызды жұп Жанболат пен Жазира Instagram парақшасында халықтың несібесінен жағдайын жасап отырған дөкейлерге “қызығатынын” айтты деп хабарлайды NUR.KZ порталы.

“Біреуге 100 теңге қарыз болсақ ұйықтай алмаймыз. Ал мемлекеттің, халықтың атынан қарыз алып жеке бастарының жағдайын жасап, отырған дөкейлердің жүректерінің мықтылығына қызығамын. Шындықты айтатындар бірден жабылып жатыр. Елімнің болашағына қатты алыңдаймын. “Саясатқа араласпа”дейді. Бірақ мен халықтың бірімін. Халыққа ой айтуға рұқсат шығар”, – деген әнші астарлы ой тастайды.

Аталған хабарламаға пікір білдірушілер өте белсенділік танытуда. Парақша оқырмандары өз ойларын ашық жеткізуде. Бірі «Жазира, мен сізге қосыламын. Қолдаймын» десе, енді бірі «Жазира, үндеме…» деген сияқты ескертулер жасауда.

Abai.kz

 

 

0 пікір