Ош пен Жалал-Абад облыстарындағы тәртіпсіздіктерге байланысты 32 қылмыстық іс ашылды
Бішкек. 17 маусым. ҚазТАГ – Ош пен Жалал-Абад облыстарындағы тәртіпсіздіктерге байланысты 32 қылмыстық іс ашылды, деді уақытша үкімет мүшесі, Қырғызстанның күш құрылымдарын жетекшілікке алып отырған Әділбек Бекназаров бейсенбі күнгі баспасөз мәслихатында.
Оның айтуынша, 17-ші маусымда 171 адамның мәйіттері танылыд, 26 адам хабар-ошарсыз жоғалған деп есептеледі. Оқиға кезінде 6 милиция қызметкері қаза тауып, 360 өртеу оқиғасы тіркелді.
«Қазір Оштағы да Жалал-Абадтағы да жағдай тұрақты. Тәртіпсіздікті ұйымдастырушылар – Бакиевтің туыстары мен жақтаушылары. Олар адамдарға қару мен ақша таратқан. Қазір сол тәртіпсіздіктерді ұйымдастырушылар мен арандатушалырды анықтау бойынша комиссия жұмыс істеп жатыр», - деп А. Бекназаров мәлім етті.
Ол сондай –ақ оңтүстіктегі өзбек диаспорасының республика құруға мүдделі екендігін теріске шығарды.
«Оңтүстікте тұрған өзбектер ол идеяны қолдамайды. Мұны деструктивті күштер қолдайды», - деді ол.

Ол сондай-ақ тәртіпсіздіктерге жергілікті есірткі барондарының қатысы барлығын жоққа шығармады. «Сәуір айына дейін республика арқылы есірткі трафигін бақылап отырғандар оны қазір де бақылап отыр. Бакиевтің туыстары бұған тікелей байланысты», - деді А. Бекназаров.