Дүйсенбі, 14 Қыркүйек 2026
46 - сөз 6226 0 пікір 16 Мамыр, 2016 сағат 16:48

ҰҚК НАЗАРЫНА! ҚАЗАҚСТАН МЕМЛЕКЕТ ПЕ, ӘЛДЕ...

Қазақстанның Тәуелсіздігін тәрк етуді аңсайтын «топ» туралы қазақстандық БАҚ аз жазып жатқан жоқ. Әсіресе, «орыс әлеміне» өле құмартып, Қазақстанның Ресей құрамына қосылуын көздеп әлеуметтік желілерде посттар жазып жүргендердің түр-түсін жұрт жақсы таниды десек те, Мемлекетіміздің тәуелсізідігі мен еліміздің тұтастығына күмән келтіріп жүргендерді ҚР Бас прокуратурасы мен ҰҚК  назарға ілер емес.


Жақында «ресейшіл» топтың белді өкілі Ерлан Есеналиев деген азамат өзінің «Фейсбук» желісіндегі парақшасында «Қазақстан мемлекет емес, корпорация. Оның басшысы Британияның жалдамалы менеджері» деп жазыпты.

Бұл өз кезегінде ҚР Конституциясы мен Қылмыстық және әкімшілік кодекстеріндегі ережелерді өрескел бұзу болып табылатынын ескерсек, ҚР Бас прокуратурасы мен ҰҚК қайда қарап отыр деген заңды сұрақ туады.

 

Нұрзат Тоғжан

Abai.kz

0 пікір

Үздік материалдар

Көкжиек

Азаматтық қоғам һәм ғылым мен білім дамуы...

Ахметбек Нұрсила 1174
Білгенге маржан

Париждегі кітап және қазақ даласының тарихы

Өмір Шыныбекұлы 2700
46 - сөз

«Білімге мәжбүрлеу»

Әбдірашит Бәкірұлы 823
Ақмылтық

Көшпендер ойыны құт болсын!

Серік Ерғали 793