Бейсенбі, 10 Қыркүйек 2026
Жаңалықтар 4605 0 пікір 4 Мамыр, 2016 сағат 12:01

Еуропада босқындарды қабылдаудан бас тартқан елге санкция салынуы мүмкін

Financial Times басылымының жазуынша, Еурокомиссия босқындарды қабылдаудан бас тартқан ЕО-қа мүше елдерге әр босқын үшін 250 мың еуро көлемінде айыппұл салуды ұсынуы мүмкін.

Еуроодақ елдерінің басым бөлігі Еуропаға ағылған босқындар дағдарысын шешу үшін, екі жыл ішінде өздерінде 160 мың босқыннан орналастыру квотасын енгізуге келіскен.

Алайда Словакия, Венгрия, Чехия, Польша, Хорватия мигранттарға қарсы көзқарас ұстанады. Заңсыз мигранттар бұл елдердің аумағы арқылы Германия және Швеция секілді Еуропаның тұрмысы жоғары әрі ауқаттырақ елдеріне өтуді көздейді.

Бір ғана 2015 жылы Германияға миллионнан астам босқын келген.

Абай-ақпарат

0 пікір

Үздік материалдар

Көкжиек

Азаматтық қоғам һәм ғылым мен білім дамуы...

Ахметбек Нұрсила 1033
Білгенге маржан

Париждегі кітап және қазақ даласының тарихы

Өмір Шыныбекұлы 2582
46 - сөз

«Білімге мәжбүрлеу»

Әбдірашит Бәкірұлы 722
Ақмылтық

Көшпендер ойыны құт болсын!

Серік Ерғали 685