ЕО Украина және Грузиямен визасыз тәртіп орнатады
Еуропалық одақтың кеңею жөніндегі еурокомиссары Йоханнес Хан Түркияға Украина, Грузия және Косовомен салыстырғанда виза режиміне ие болуда айрықша жеңілдіктер берілмейтінін мәлімдеді.
Оның сөзінше, Украинаның алдында Еуроодақпен қауымдастық туралы заң қабылдаумен қатар, ол заңды орындау міндеті де тұр.
Еурокомиссар заңның орындалуын Украинаның Еуроодақпен жақындасу жолындағы ең маңызды қадам ретінде атады.
"Тиісті жұмыстарды атқарды" деп бағалаған Хан грузиндер, украиндар мен косоволықтар ЕО-на 2016 жылдың өзінде визасыз келе бастайтынына сенім білдірді. "Әрине бұл үшін саяси шешім қажет. Дегенмен талаптарға сәйкестік жағынан олар қажеттінің бәрін орындады", - деді ол. Енді Еуропа кеңесі мен Еуропалық парламент Украина, Грузия, Түркия және Косово үшін визасыз жүру тәртібін мақұлдауы керек.
Абай-ақпарат