Ресейлік шенеуніктер халықаралық мафияның мүшелері ретінде аталды
Ресей президенті Владимир Путинмен байланысы бар, бұрынғы үкімет мүшелері және ресейлік саясаткерлер қос бірдей Малышев және Тамбов халықаралық ұйымдасқан қылмыстық топтарының ондаған мүшелерінің қатарында аталды. Испандық судья Хосе де ля Мальта оларды тұтқындау туралы халықаралық ордерге қол қойды.
Айыптау құжатында олардың адам өлтіруге тапсырыс бергені, есірткі және қару саудасымен айналысқаны, бопсалау, алаяқтық, парақорлық және заңсыз ақша аударымдары қылмыстарымен айналысқаны туралы жазылған.
Судья осындай қылмыспен айналысты дегендердің тізіміне Мемлекеттік думаның қаржы комитетінің басшысы Владислав Резникті, ішкі істер министрлігінің басқарма басшысы Николай Ауловты және бұрынғы премьер-министр Виктора Зубковты, экс-қорғаныс министрі Анатолий Сердюковты, бұрынғы өңірлік даму министрі Дмитрий Козакты, экс-вице-премьер Игорь Соболевскийді және ақпараттық техологиялар жөніндегі бұрынғы министр Леонид Рейманды қосқан. Ауловтың кеңсесіндегілер бұл айыптардың саяси астары бар және ол ең алдымен ресейлік шенеуніктерге күйе жағуды көздейді деп бағалады.
Абай-ақпарат