Сенбі, 23 Қараша 2024
Жаңалықтар 2519 0 пікір 20 Маусым, 2010 сағат 09:27

Вашингтон мен Бішкектің ынтымақтастығында гуманитарлық қыры басым мәнге ие болады – АҚШ мемхатшысының көмекшісі

Бішкек. 19 маусым. ҚазТАГ - Игорь Шестаков. АҚШ пен Қырғызстанның  ынтымақтастығында гуманитарлық қыры басым мәнге ие болады. Бұл туралы сенбі күні АҚШ мемхатшысының Оңтүстік және Орталық Азия мәселелері жөніндегі көмекшісі, Бішкекете жұмыс сапарымен жүрген  Роберт Блейк журналистерге мәліметті. ҚырТАГ тілшісінің хабарлауынша ол, Қырғызстанның өтпелі кезең президенті Роза Отунбаевамен және уақытша үкіметтің бірқатар өкілдерімен кездесу өткізген.

«Келіссөздер барысында елдің оңтүстігінде орын алған қайғылы оқиғалар туралы, сондай-ақ елді қалпына келтіру мен оны демократияландыру мәселелері талқыланды», - деді Р. Блейк.

Ол өтпелі кезең президентінің елдің оңтүстігіндегі жағдайды реттеуде қолданып отырған шараларына оң баға берді. «Р. Отубаеваның Ош қаласына жасаған сапары тараптардың бітімгершілікке келуіне үлкен мәнге ие болды. Уақытша үкімет болған оқиғаларға тәуелсіз халықаралық зерттеулермен қатар ішкі тексерулер жүргізбекші. Бұл келешекте осындай қайғылы оқиғалардың алдын алып, болдырмас үшін қажет», - деді АҚШ мемхатшысының көмекшісі.

Ол Ош және Жалал-Абад облысында орын алған оқиғалар «110 мың тұрғынның Өзбекстан территориясына ығысып, 300 мыңдай тұрғынды ішкі миграцияға ұрынуға душар еткенін» атап өтті. «АҚШ ішкі көші-қон үдерісіне ұрынғандарға көмек ретінде $5 миллион бөледі. Халықаралық Қызы крест пен БҰҰ жоғарғы комиссариатының басқармасы арқылы көрсетілетін аталған көмек қасіретті басынан кешірген босқындарға көмек болуы тиіс», - деді Р. Блейк.

Ол американдық тараптың Қырғызстанға көрсететін көмегінің жалпы сомасы $ 32 миллион болатынын еске салды.

Қайғылы оқиғаның себебіне қатысты Р. Блейк, онда этникалық себеп болғанын атап өтті, «бірақ объективті бағаны оқиғаның тергеу комиссиясы берелді» деді. «Елдің оңтүстігінде қаза болғандардың ресми саны шамамен 200-дей адам, бірақ нақты адам шығыны бұдан көп болуы мүмкін», - дей отырып Р. Блейк, Қырғызстанның уақытша үкіметі бітімгершілік контингенттің елге кіргізілуіне сұраныс жасаған жоқ деп атап өтті.

0 пікір

Үздік материалдар

Сыни-эссе

«Таласбек сыйлығы»: Талқандалған талғам...

Абай Мауқараұлы 1468
Білгенге маржан

«Шығыс Түркістан мемлекеті бейбіт түрде жоғалды»

Әлімжан Әшімұлы 3241
Біртуар

Шоқанның әзіл-сықақтары

Бағдат Ақылбеков 5394