«ТӨҢКЕРІСТЕН» КЕЙІНГІ ҚЫРҒЫЗСТАН
Екі түсті төңкеріс өткеннен кейін қазіргі Қырғызстан президенті А.Атамбаевқа күрделі әлеуметтік-экономикалық жағдайдағы ел тиді.
2010 жылғы сәуірдегі төңкеріске дейін халықаралық зерттеулердің деректері бойынша Қырғызстан 2009 жылдың қорытындысы бойынша ТМД-ғы ең кедей мемлекет атанды. Барлық халықтың 32 пайызға жуығы кедейлік шегінде болды немесе ауылдық жерлерде тұратындардың 76 пайызына жуығы, яғни 1,7 млн. адам, жұмыссыздық деңгейі ресми бағалау бойынша 8 пайызға артқан, ресми емес дерек бойынша 14-16 пайызға жуық деп бағаланды.
Елді тұрақты даму жолына шығару мен заңдылықты қамтамасыз етуде жақын уақыттан бергіге дейінгі қызмет атқарған мемлекеттік басқару жүйесінің қабілетсіздігі туралы көптеген факторлар дәлел болуда.
Сонымен қатар, қырғыз мемлекеттілігінің жағдайы мен елдің келешегі туралы маңызды қорытындылар ұзақ уақыт жасалмады. Бұдан басқа, бүлдіргіш үрдістер экономикада, әлеуметтік салада, өңірлік саясатта, этноаралық қатынастардағы заңдылықтың болмауы, шешілмеген мәселелердің болуы салдарынан күшейді.
2005 жылғы наурыз төңкерісінен кейінгі жағымды өзгерістердің күтілуі өзін ақтамады, яғни тағы да 2010 жылы сәуірде халықтық төңкеріс пен биліктің ауысуына әкелді.
Постсәуірлік кезеңдегі күтілулер мен реалия
Жаңа Конституция қабылдау, сондай-ақ алғаш рет тәуелсіз Қырғызстан тарихындағы 2010 және 2011 жылдардағы еркін демократиялық сайлаулар азаматтардың әділдік пен лайықты өмір сүруге үміттерін қайта жандандырды.
Сол уақытта 2011 және 2012 жылдарда қолжеткізген тұрақтылық орнықты жеткіліксіз болып қалды. Жалпы елдегі ішкі саяси жағдайлардыайла-шарғы жасау мүмкіндіктері, оның ішінде сыртқы күштер әзірге алынбаған болатын. Мемлекет және ел ішіндегі үдерістер әлі де сыртқы ықпалға сезімшіл. Өзінің жеке стратегиялық даму жобасының жоқ болуынан сыртқы жобалардың жағымсыз ықпалының мүмкіндіктерінен елдің тәуелділігі жоғары болып қалуда.
Қоғамның маңызды бөлігінің тоқырау жағдайында қалуы жалғасуда, оның интеллектуалды құраушы бөлігі соңғы екі онжылдықта едәуір жіңішкерді. Ұдайы өндірістің тиімді тетіктері және қоғамдық-саяси және кәсіби элитаның өсуі жоқ.
Қырғызстанның құқықтық жүйесі заманауи талаптар мен сын –қатерлерге сәйкес келмейді. Оның жағдайы қоғамдағы, сондай-ақ мемлекеттің өз институттарында құқықтық дәлелсіз қарсылықты туғызды.
Мемлекеттік басқару қазіргі уақытқа дейін транзиттік кезеңде тұр. Көптеген реформалардың нәтижесінде басқару формасы өзгерді, бірақ мемлекеттік органдардың жұмыс әдістері, олармен шешімдер қабылдау мен олардың орындалуы бұрынғы күйінде қалған. Мемлекеттік биліктің органдары арасында тұрақты коммуникация жоқ. Көбінесе шешімдер әзірлеу тар салалық және корпоративтік мүдделерге негізделген, шешімдер қысқа мерзімді сипат алады.
Мемлекеттік басқару жүйесі қай жағынан алсақ та іркіліс береді. Биліктің орталық және жергілікті органдары арасында әлсіз және тиімсіз коммуникация бар болып қалуда. Облыстық және аудандық деңгейдегі билік органдарының құзыреттілігі мен қызмет атқаруы түсініксіз., оларды іске асыруда нақты тетіктер бекітілмеген. Мемлекеттік биліктің жергілікті органдары көпшілігі мен жергілікті өзін өзі басқарудың ресурстары шектелген, яғни өздерінің қызмет атқаруы мен міндеттемелерін толықтай орындауға оларға мүмкіндік бермейді.
Соңғы уақытта құрылған шешімдер әзірлеудің ортақ алаңдары әлі де жеткілікті тиімді емес, яғни мемлекеттік деңгейдегі міндеттерді шешу кезінде бірыңғай тәсілдемелер әзірлеуге мүмкіндік жоқ.
Қырғызстан экономикасының өсу көрсеткіші соңғы 10 жылда ТМД елдері ішінде ең төмен екендігі анықталды.
Сонымен бірге, ішкі экономикалық тұрақсыздықтың негізгі себептері мемлекеттік басқару секторын реформалауды қоса алғандағы елдегі жүргізіліп жатқан құрылымдық реформалардың аяқталмауы мен дәйексіздігі, банктік және қаржылық нарықтағы әлсіз даму, жеке кәсіпкерлікті дамыту мен инвестиция тарту үшін түсініксіз және ұдайы өзгеріп отыратын жағдайлар болып табылады. Осыған қосымша, экономика сыртқы жағымсыз факторлардың ықпалына қатты ұшыраған: әлемдік азық-түлік және қаржылық нарықтағы жағдаяттарға тәуелділік деңгейі өте жоғары, негізгі халықаралық тауарлық және қаржылық нарықтардан алшақтығы, көрші елдер тарапынан сыртқы экономикалық қызметтердегі қолдампаздық режимдердің бар болуы.
Соңғы жылдарда мемлекеттік бюджеттегі үлкен жетіспеушілік елдегі басты экономикалық проблемалардың бірі болып табылады. Мемлекеттік қарыздардың қызмет көрсетуі мемлекеттік шығындардың ең үлкен тармақтарының бірі болады, сондай-ақ мемлекеттің негізгі қызметтерін орындауға жұмсалатын онсыз да тапшы қаражатты қысқартуды талап етеді. Бюджеттің жетіспеушілігін жабуға арналған сыртқы алыс-берістердің күрт төмендеуі алдағы жылдардағы елдің тұрақты дамуының қажетті шарттары болады. Бюджеттің теңгерімсіздігі Қырғыз Республикасы Ұлттық статистика комитетінің бағалауы бойынша ІЖӨ 18 пайызды құрайтын (халықаралық қаржы институттарының бағалауы бойынша - 40%-дан 60%-ға дейін) елдегі бейресми сектордың айтарлықтай көп құрылуымен байланысты.
Қырғызстандағы макроэкономикалық жағдай соңғы жылдар ішінде әлі де жеткілікті тұрақты дәрежеде емес күйінде қалуда.
Елдегі бюджет кірісінің 25%-ын құрайтын сыртқы көмекке мемлекеттің аса күшті тәуелділігінен, сондай-ақ борыштық ауыртпалықтың өсуінен мемлекеттің қаржылық тұрақтылығын қамтамасыз ету саласындағы тәуекелдер артуда.
Осы жағдайда мемлекетте зейнетақыны, жәрдепақы мен еңбекақыны көбейту бойынша нақты мүмкіндіктер шектелген, соендай-ақ экономикалық жобалар мен бағдарламаларды қаржыландыруға бос ақшалай қаражат іс жүзінде жоқ. Жолдарды, мектептерді, ауруханаларды, балабақшалар, театрлар, университеттер, мұражайларды қайта қалпына келтіру мен жөндеу жұмыстары қаржыландыруға өте мұқтаж. Сондықтан, бүгінде бұрын-соңды болмаған қоғам қажеттілігіне бағытталатын мемлекеттік қаржының басқару жүйесін реформолау мәселесі өткір тұр.
(Қырғызстан Республикасының тұрақты дамуы жөніндегі Ұлттық кеңестің «2013-2017 жылдардағы кезеңдерге арналған Қырғыз Республикасының тұрақты дамуының ұлттық стратегиясы» материалдары пайдаланылды)
Қырғызстанның пост төңкерістік кезеңдегі экономикасының тарихы
Халықтың жан басына шаққандағы ІЖӨ
Ұлттық статистикалық комитетінің статистикасы көрсеткендей, халықтың жан басына шаққандағы ІЖӨ 2014 жылы 374 долларды құрады, ал 2009 жылы халықтың жан басына шаққандағы ІЖӨ деңгейі 885 долларды құрады.
2014 жылы елдегі саяси жағдайдың тұрақталуынан кейін осы көрсеткіш 1206 долларға дейін көтерілді.
Халықтың кедейшілік деңгейі
Статистика бойынша 2004-2014 жылдар арасындағы Қырғызстандағы халықтың кедейшілік деңгейі 1,5 есеге төмендеді. Егер бірінші төңкеріске дейінгі бір жылда әрбір екінші қырғызстандық (45,9%) кедейшілік шегінде өмір сүрген болса, онда 10 жылдан кейін бұл көрсеткіш 30,6%-ға дейін төмендеген. Бірақ әзірге елдегі әрбір үшінші отбасы кіріспен қиыншылықтар көруде, бұл санды лайықты деп атауға болмайды.
Қылмыстық ахуал
Қылмыстық ахуал (кедейлік, жұмыссыздық, араққұмарлық) өте төмен қарқынмен азаюда және қылмыстық деңгейдің айтарлықтай төмендеуіне мүмкіндік берілмейді. 12 жыл ішінде елдегі жасалған қылмыс саны тек 3,6%-ға азайған. Егер 2014 жылы құқық қорғау органдары қылмыстың 32,6 мың жағдайын тіркеген болса, ал 2015 жылы сәл азғантай – 29 мың оқиғаны тіркеген. .
Үздіксіз өсетін қарыздар
Қырғызстанның ақшалай-қаржылық жүйесі ауыр жағдай үстінде. Бір жағынан ұлттық валюта – сом құнсыздануда, екінші жағынан сыртқы қарыз көлемі артуда. Соңғы 12 жылда елдің сыртқы қарызы 2 есеге артқан. Сыртқы қарыз көлемі доллар бағымының өсуінен ұлғаюда. Себебі ҚР займдарды америкалық валютада алады, ал ішікі нарықтағы долларды сатып ала отырып, төлейді.
Инфляция
2010 жылғы сәуір төңкерісіне дейінгі екі жыл ішінде Қырғызстанда инфляцияның рекордтық деңгейі – 24,5 % тіркелді. Бұның себебі әлемдік дағдарыс болды. Қырғызстан үшін оның салдары импорттық өнімге, шикізатқа, энергия тасымалдағыштарға бағаның өсуі, сондай-ақ долларлық инфляцияның болуына (мұнай мен шикізаттың әлемдік бағасының ынталандыру өсуі, әлемдік нарықтағы доллардың тұрақты құнсыздану) және шетелдік капитал ағынының азаюына әкеліп соқтырды. Алайда 2009 жылы инфляция өсуі 6,9%-ға дейін бәсеңдеді. 2011 жылы соңғы 12 жылда тағы да бір инфляцияның айтарлықтай өскендігі анықталды, 2015 эжылдың қорытындысы бойынша Қырғызстанда ТМД бойынша инфляцияның ең төмен деңгейі - 3,4% тіркелген болатын.
(akchabar.kg- Акчабар қаржылық порталының «Экономикалық төңкеріс. Біз жақсы мір сүре бастадық па?»мақаласының материалы бойынша).
Abai.kz