Жұма, 22 Қараша 2024
Жаңалықтар 3846 0 пікір 30 Мамыр, 2009 сағат 05:53

Ресей Орталық Азияда бес елдің армиясынан әскери топ құрады

Алматы. 29 мамыр. ҚазТАГ – ҰҚШҰ хатшылығы ресейлік СІМ-мен бірлесіп Орталық Азияда қуатты әскери топ құру бойынша жұмыс жүргізуде, бұл топ ҰҚШҰ шеңберіндегі ресейлік-белоруссиялық, ресейлік-армениялық топтарды толықтыруға тиіс. «Лента.ру»-дың «Коммерсант» басылымына сілтеме жасап хабарлауынша, бұл құрылымдардағы дереккөздер, соның ішінде ҰҚШҰ бас хатшысы Николай Бордюжа жұмыс талқылау кезеңінен іске асырыла бастағанын айтқан.

ҰҚШҰ-ның баспасөз хатшысы Виталий Струговецтің айтуынша, одақтастар орталықазиялық топтың құрамына Жедел әрекет ету ұжымдық күштері (ЖӘҰК) сияқты жекелеген батальондар емес, бес ел әскерлерінің құрамалары кіреді деп жоспарлап отыр.

«Бұл танк және артиллериялық бөлімшелер, Каспийдегі әскери-теңіз флоты болады. Осыған орай тиісті құжаттардың жобалары дайындалды», - деп атап көрсетті басылымға Струговец. Жаңа топқа Қазақстан, Қырғызстан, Ресей, Тәжікстан және Өзбекстан қосылады деп жоспарланып отыр.

Жоспарға сәйкес, жаңа топтың екпінді әскері өздерінің тұрақты орындарында тұрады. Оларды жабдықтау мен дайындау ұлттық қолбасшылық мойнында болады,  бірақ одақтас елдер әскерлері бірлесе іс-қимыл мәселесінде жаттығады.   

Алдағы топтың ЖӘҰК-мен Орталық Азияда шешетін мәселелері жартылай, жақында Ресей президенті бекіткен «РФ ұлттық қауіпсіздігінің 2020 жылға дейінге стратегиясында» айқындалған. Бұл, атап айтқанда, РФ мен оның одақтастары шекарасындағы энергия ресурстарына иелікке деген күрестің күшейіп отырған ахуалында күштер балансын сақау.

0 пікір

Үздік материалдар

Сыни-эссе

«Таласбек сыйлығы»: Талқандалған талғам...

Абай Мауқараұлы 1463
Білгенге маржан

«Шығыс Түркістан мемлекеті бейбіт түрде жоғалды»

Әлімжан Әшімұлы 3230
Біртуар

Шоқанның әзіл-сықақтары

Бағдат Ақылбеков 5321