Розақұл Халмұрадов. Академияға батырдың есімі қашан беріледі?
Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің жалпы отырысында депутат Розақұл Халмұрадов Республика Премьер-Министрі Кәрім Мәсімовке сауал жолдады.
«Мың өліп, мың тірілген» қазақ халқы тарихта небір зұлматты жылдар мен қанды қырғындарды бастан өткеріп, бүтіндей бір ұлттың жойылып кетуіне жол бере жаздаған қаншама сұрқия саясат пен арамза әрекеттерді бастан өткерді. Солардың «ат ауыздығымен су ішкен, ер етігімен су кешкен» ең бір қайғылы кезеңдері Ұлы Отан соғысымен байланысты.
Осы соғыста жан алысып, жан беріскен Отанының жолында жанын құрбан еткен есіл ерлердің ерлік істері мәңгілік халық жадында сақталары сөзсіз. Бұл соғыстың қаншама халықтар үшін, қаншама елдер үшін зарлы болғаны соншалық оның зардабы соғыстың аяқталғанына жарты ғасырдан асса да ұмытыла қойған жоқ. Қайта керісінше, осы соғыспен байланысты бұрын бұрмаланып келген немесе тиісті деректердің жоқтығынан мүлдем кереғар түсінік қалыптастырып келген көптеген фактілердің беті ашылып, көптеген жауынгер азаматтардың еленбей келген ерліктері тарихтан лайықты орнын алуда.
Өкінішке қарай жоғарыда келтірілген деректер Ұлы Отан соғысына қатысып, батыр атанған қазақ азаматтарының бізге белгілі болғандары ғана. Уақыт өте келе сұрапыл соғыстың бізге беймәлім жақтары ашыла бастаған сайын, қазақ батырларының саны әлі де арта түсер деген үміт те жоқ емес әрине.

Жалпы қазақтан шыққан Ұлы Отан соғысы батырларының қатарында Кеңестік жүйе саясатының кесірінен ерлігі кезінде дұрыс бағаланбай, көпшілік арасында талай тартыс тудырып келген асыл азаматтардың бірі, Ұлы Отан соғысында рейхстагқа ту тігіп, алғаш рет ұлы жеңістің жалауын желбіреткен Рақымжан Қошқарбаев екені баршамызға мәлім.
Батыр дүниеден өткеннен кейін, 1999 жылы мамырдың 7-де Қазақстан Республикасының Президенті Жарлығымен Р.Қошқарбаевқа «Халық Қаһарманы» атағы берілді. Бүгінде Ақмола облысының Қозшы ауылындағы орта мектеп оның есімімен аталады.
Дегенмен, батырдың рухына тағзым ретінде бұндай дәрежелермен шектеліп қоймай, Қаржы полициясы академиясының ұжымы, ҚР Экономикалық қылмысқа және сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес агенттігі және Целиноград ауданы жұртшылығының қолдауларымен Қаржы полиция академиясына Рақымжан Қошқарбаевтың есімін беру туралы құжаттар жинап, үстіміздегі жылғы сәуір айында Мәдениет министрлігіне ҚР Үкіметі жанындағы Мемлекеттік ономастика комиссиясында қарастырып, Жеңіс күнінің 65 жылдығына Академияға Батыр есімін беруді сұраған болатын.
Алайда, аталған Академияға Р. Қошқарбаевтың есімін беру туралы мәселе бүгінгі күнге дейін өз шешімін таппай келеді. Ер есімін ел есінде сақтау - парыз. Тағдыр тәлкегінде мойымаған Рақымжан Қошқарбаевтай ұлын ұрпаққа дәріптеу - парыз. Ер есімін елге оралту - ол да парыз. Академияға Батыр есімін берудің мақсаты мен басты идеясы - болашақ қаржы полицейлері мен кеденшілерінде Отанымыз - егемен, тәуелсіз Қазақстан және оның даңқты ұлдары үшін мақтаныш сезімін қалыптастыру.
Сондықтан, құрметті Кәрім Қажымқанұлы, Қаржы полиция академиясына батырдың есімін беру мәселесіне қандай кедергілер болуда, кедергілер болмаса осы мәселені Үкімет қашан шешеді? Академияға батырдың есімі қашан беріледі?
ҚР Парламенті Мәжілісі Аппаратының Баспасөз қызметі