Сенбі, 23 Қараша 2024
Мәйекті 8608 0 пікір 14 Сәуір, 2016 сағат 17:18

ҚАНАЕВТАР ҚАЙДАН АЛҒАН? ҚАЛАЙ АЛҒАН?

Қазақ қоғамы БҒМ министрі Ерлан Сағадиевтің бастамасы туралы пікір білдіріп, ойын ортаға салып жатқан тұста біздің қолымызға «Полезные растения и биотехнология их приготовления» атты оқу құралының түсе қалмасы бар ма? Аталған оқу құралының авторы ерлі-зайыпты, әлде ағайынды болуы да мүмкін, Ә. Т. Қанаев пен З.К. Қанаева деген ғалымдар екен. Сұрастырып білгендегі дерегіме сүйенсем, Ә.Т. Қанев ҚазҰУ-дегі Биоалуантүрлілік және биоресурстар кафедрасының меңгерушісі екен. Профессор. Сол профессорымыздың әлгі оқулығын парақтап отырып, «осындай деректер орыстілінде көп емес пе, оданда оқулықты неге қазақ тілінде жазбады екен?» - деген ойдың омыраулай бергені? Содан соң Қанаев пен Қанаева бірігіп жазған оқулықтағы өсімдік аттары мен олардың дәрілік, емдік қасиеттері туралы мәліметтерді салыстыру үшін ғаламторға салып көріп едім, міне, ғажап бәрі алдымнан сайрап шыға келді. Басында өз көзіме өзім сенбедім. Бұ қалай? Сосын, оқулықтың мұқабасы мен мазмұнына қайта үңілдім. Бәлкім, қос ғалым орыс сайттарында жүрген деректерді жинақтап, комментарий жазып, ҚазҰУ студенттеріне конспектілеп ұсынған шығар?.. Жоқ, біз қателесіппіз: аталған оқулық конспекті де, шолу да емес, қос автордың «төл туындысы» болып табылады екен. Оны айтасыз, авторлық құқты да қанаевтар қатар иеленіп алыпты. Хош, сонымен ерінбей отырып, қазақ ғалымдарының оқулығы мен орыс тілді сайттардағы деректерді салыстырып шықтым. Салыстырып шықтым да, тағы да «қызыққа» кенелдім. Себебі: қанаевтар бас қатырып жатпастан мына сілтемелердегі материалдардың үтір, нүктесін қисайтпай көшіріп алғандығына көз жеткіздім. Қараңыздар: https://ru.wikipedia.org/wiki/ (Википедия - Лекарственные растения); https://ru.wikipedia.org/wiki/ (Википедия - Лекарственные растения);

http://phytoblog.ru/2012/03/klassifikaciya-lekarstvennyx-rastenij/; http://phytoblog.ru/2012/05/introdukciya-lekarstvennyx-rastenij/; http://www.belena.biz/raz/sbor.htm; http://www.belena.biz/raz/sushka.htm; http://phytoblog.ru/2012/02/pervichnaya-obrabotka-lekarstvennogo-syrya/; http://phytoblog.ru/2012/02/eksport-i-import-lekarstvennyx-rastenij/; http://phytoblog.ru/2012/02/kultivirovanie-lekarstvennyx-rastenij/; http://www.belena.biz/raz/form.htm; Сайт: www.spravlektrav.ru

http://www.spravlektrav.ru/av/avran.html; http://www.spravlektrav.ru/av/air.html; http://www.spravlektrav.ru/av/aloe.html ; http://www.spravlektrav.ru/av/arnika_gornaja.html; http://www.spravlektrav.ru/av/bagulnik.html; http://www.spravlektrav.ru/av/barbaris_op.html; http://www.spravlektrav.ru/ge/gravilat_op.html.

Әрине, ғалымдар осы сілтемелерде тұрған мәліметтерге сілтеме жасай отырып, өз ойларын, өз танымдарын, өз зерттеулерін ортаға салса, оған сөз бар ма? Өкінішке қарай, оқулық авторлары жоғарыдағы сілтемелерде тұрған материалдарды айна-қатесіз көшіріп ала берген.  Бұл жерде және бір айта кететін жайт:

Біріншіден, авторлардың ботаника саласынан әлдеқайда алыс екендігін, ол САЛАДАН МҮЛДЕМ ХАБАРЫ ЖОҚ екенін оқу құралының бір-біріне сай келмейтін атауы мен мазмұны көрсетіп отыр. Өйткені «пайдалы өсімдіктер» деген ұғымға оқу құралында бастан аяқ сөз болған тек «дәрілік өсімдіктер» ғана емес, оған: техникалық, эфирлі, майлы, иілік, балауызды, шайырлы, энергетикалық, тағамдық, жем-шөптік, сәндік, мелиоративтік, балды т.с.с. көптеген өсімдік топтары да жататыны кез-келген ботаника саласынан азды-көпті хабары бар адамға белгілі.

Екіншіден, авторлардың дәрілік өсімдіктер, олардың құрамы мен ерекшелігінен бейхабар екендігін көрсететін тағы бір күлкілі жайт – тіпті Қазақстан аумағында қандай дәрілік өсімдіктер өсетінін де білмейді. Білсе, алдымен оқу құралында көрсетілген өсімдіктердің қай жерде кездесетінін ұғып алуға талпынар еді. Берілген өсімдіктер ішінде 18 өсімдік түрі ҚАЗАҚСТАНДА МҮЛДЕМ ӨСПЕЙДІ (Ресей аумағында кездеседі), ал 1 түрі қалаларды көгалдандыруда егілетін интродуцент. Бұл күлкілі емес пе? Әлде өз елімізде өсетін дәрілік өсімдіктер аз ба?

ГЛАВА 2 

Сайт: www.spravlektrav.ru

ЛЕКАРСТВЕННЫЕ РАСТЕНИЯ И ТРАВЫ, ОПИСАНИЕ, ПРИМЕНЕНИЕ, СВОЙСТВА, ЛЕЧЕНИЕ

 

 

Авран лекарственный

 

 

Айр болотный

 

 

Алоэ древовидное

Қазақстан флорасында жоқ

 

Арника горная

Қазақстан флорасында жоқ

 

Багульник болотный

 

 

Барбарис обыкновенный

Қазақстан флорасында жоқ

 

Бессмертник песчаный

 

 

Боровая матка (ортилия однобокая)

Қазақстан флорасында жоқ

 

Боярышник кроваво-красный

 

 

Брусника

 

 

Валериана лекарственная

Қазақстан флорасында жоқ

 

Вереск обыкновенный

 

 

Вероника лекарственная

Қазақстан флорасында жоқ

 

Гравилат городской

 

 

Грецкий орех

 

 

Девясил высокий

 

 

Донник лекарственный

 

 

Душица обыкновенная

 

 

Ежевика сизая

 

 

Живокость полевая

 

 

Жостер слабительный

 

 

Заманиха высокая

Қазақстан флорасында жоқ

 

Звездчатка средняя (мокрица)

 

 

Зверобой продырявленный 

 

 

Земляника лесная

 

 

Золотысячник малый

Қазақстан флорасында жоқ

 

Ива белая

 

 

Иссоп лекарственный

Қазақстан флорасында жоқ

 

Календула лекарственная

 

 

Калина обыкновенная

 

 

Каштан конский

Көгалдандыру үшін жерсіндірілген интродуцент

 

Клевер луговой

 

 

Крапива двудомная

 

 

Липа сердцевидная

 

 

Лопух большой

Қазақстан флорасында жоқ

 

Любисток лекарственный

Қазақстан флорасында жоқ

 

Малина обыкновенная

 

 

Манжетка обыкновенная

Қазақстан флорасында жоқ

 

Мать-и-мачеха

 

 

Мелисса лекарственная

 

 

Мята перечная

 

 

Наперстянка шерстистая

Қазақстан флорасында жоқ

 

Облепиха крушиновидная

 

 

Одуванчик лекарственный

 

 

Окопник лекарственный

 

 

Очиток едкий

 

 

Паслен сладко-горький

 

 

Пастушья сумка

 

 

Плющ обыкновенный

Қазақстан флорасында жоқ

 

Подорожник большой (лекарственный)

 

 

Полынь горькая

 

 

Ромашка аптечная (лекарственная)

 

 

Рута душистая

Қазақстан флорасында жоқ

 

Сабельник болотный

 

 

Синеголовник полевой

Қазақстан флорасында жоқ

 

Синюха обыкновенная

Қазақстан флорасында жоқ

 

Спорыш (Горец птичий)

 

 

Татарник колючий

 

 

Тимьян ползучий

 

 

Тмин обыкновенный

 

 

Тысячелистник обыкновенный

 

 

Фиалка душистая

 

 

Фиалка трехцветная

 

 

Физалис обыкновенный

 

 

Хвощ полевой

 

 

Хмель обыкновенный

 

 

Чемерица Лобеля

 

 

Череда трехраздельная

 

 

Элеутерококк колючий

Қазақстан флорасында жоқ

 

Эфедра хвощевая

 

 

Эхинацея пурпурная

 

 

Ярутка полевая

 

 

Яснотка белая

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Үшіншіден, ең сорақысы – оқу құралы Кіріспеден бастап соңғы бетке дейін  "жиендікпен" жасалған. Авторлардың аталған кітапқа қосқан бірде-бір жолы, ойы жоқ. Авторлар бұл салада жұмыстар жасамаса, бұл саланың мамандары болмаса, қалайша студенттерге арналған оқу құралын жазады? Онымен қоса «АВТОРЛЫҚ ҚҰҚЫҚ» белгісі де бар. Авторлар кімді ақымақ етіп отыр?  Ертеңгі күні осы орыс тіліндегі, ресейлік интернет көздерден алынған материалдар сол көршілес ел мамандарының көзіне түссе, шағымданып, бүкіл Қазақстанның ғылым-білім жүйесін, оқу орнын сотқа сүйремесіне кім кепілдік береді? Қазақтың білім ордасының қара шаңырағы - ҚазҰУ-де осындай сорақылықтар болып жатқанда, басқадан не сұраймыз?

Осыдан келіп мынандай сұрақтар туады:  

1. Оқу құралына пікір берушілердің арасында БОТАНИКА САЛАСЫНА МҮЛДЕМ ҚАТЫСЫ ЖОҚ фамилиялар жүр. Олардың айтылып отырған мәселелер жөнінде оқу құралына пікір беруге қандай құқығы бар?   

2. Оқу құралы университеттің биология және биология факультетінің ғылыми кеңесінде және университеттің редакциялық-баспа кеңесінде бекітілген екен. Осындай оқу құралы ҚАЛАЙ БЕКІТІЛЕДІ? Тым болмаса, факультеттің әдістемелік кеңесінде, ғылыми кеңесінде талқыланбаған ба? Ондай «еңбектерге» көз жұма қарайтын әдістемелік кеңестің, ғылыми кеңестің қажеті бар ма? Оқу құралы кафедра мәжілісінде талқыланған ба? Әлде кафедра мәжілісінде талқыға түспей бірден әдістемелік және ғылыми кеңесте бекітілген бе? Сала мамандары қайда қарап отыр? Әлде осыны айтатын ботаника саласының мамандары жоқ па?

Біздікі қатардағы оқырманның, қазақ ғылымына, қазақ жастарына жанашырдың сауалы. Негізгі күрделі сұрақтарды нағыз ғалымдар, оқытушы-мамандар қоя жатар деп сенміз. Тағы бір айтарымыз мынау: қанаевтардың «Полезные растения и биотехнология их приготовления» атты оқу құралына материалдарды қайдан алғаны, қалай алғаны туралы біз біліп отырғанды ҚазҰУ басшылығы неге білмейді дегенге саяды.

Шорман Мұхитденұлы

Abai.kz

0 пікір

Үздік материалдар

Сыни-эссе

«Таласбек сыйлығы»: Талқандалған талғам...

Абай Мауқараұлы 1487
Білгенге маржан

«Шығыс Түркістан мемлекеті бейбіт түрде жоғалды»

Әлімжан Әшімұлы 3256
Біртуар

Шоқанның әзіл-сықақтары

Бағдат Ақылбеков 5520