Сенбі, 23 Қараша 2024
Жаңалықтар 3104 0 пікір 22 Маусым, 2010 сағат 05:53

Норвегия СІМ ядролық сынақтардың сейсмологиясы мен мониторингін жасайтын оқыту орталықтарын құру үшін $1 млн бөлді

Алматы. 21 маусым. ҚазТАГ- Әділ Орманов. Норвегияның сыртқы істер министрлігімен қаржыландырылатын сейсмологиялық НОРСАР орталығы ядролық сынақтар мен сейсмикалық құбылыстарға мониторинг жасайтын мамандарды дайындайтын халықаралық орталықты құруға $1 млн бөлді. Бұл туралы «Ұлттық яролық орталық» РМК (ҰЯО) бас директоры  Қайрат Қадыржанов мәлім етті.

«Норвегиялық тарап  бізге орталық құруға $1 млн бөлмекші. Бұл көп емес, бірақ бізге әзірге жетеді», - деді Қ. Қадыржанов орталықтың дүйсенбі күні ашылу рәсімінде сөйлеген сөзінде.

«Оқу орталығының бізде құрылуының бір себебі біз ядрорлық сынақтардың сесмикалық мониторингі жүйесін дамытуда КСРО тәжірибесін сақатап және дамыта алғандығымызда. Біздің мамандар жоғарғы деңгейге қол жеткізіп, енді өздері оқыта алады (басқа серіктестерін - ҚазТАГ)», - деді ҰЯО басшысы.

«Зертхана мамандарының біліктілік деңгейі қай жерде жәй қопарылыс болғанын, ал қай жерде ядролық сынақ болғанын,оның қуатын, ал қай жерде жәй әшейін дауыл өткенін дәл анықтайтындай дәрежеде болуы тиіс», - дейді ҰҚЯО басшысы.

Қазақстандық мамандардың біліктілік деңгейі туралы айта отырып, Қ. Қадыржанов, ҰЯО сарапшылары 1998 жылғы Үндістан мен Пәкістандағы, сондай-ақ 2006 және 2009 жылғы КХДР-дағы ядролық сынақтарды дәл анықтай алғанын еске салды. 

Сейсмикалық станциялар желісін дамыту, дейді ол, Ядролық сынаққа жаппай тыйым салу (ЯСЖТС) жөніндегі келісім режиміне техникалық қолдау көрсетуге мүмкіндік тудырады.

ЯСЖТС оқу орталығы ҚР ҰЯО ГЗИ (Қазақстанның ұлттық ядролық орталығының геофизикалық зерттеулер институты) арнайы сейсмикалық ақпаратты жинау және өңдеу базасында жұмыс істейтін болады. Бұл орталық халықаралық мониторинг жүйесінде Қазақстан ұлттық мәліметтер орталығы (ҚҰМО) атымен таныс.

Оқу орталығы басқа мемлекеттер үшін, ең алдымен Орталық Азия елдері үшін мамандар дайындайды. Сондай-ақ еуропалық елдер тарапынан да өтінімдер түсті.

Осының арқасында барлық елдерде қолданылатын өңдеу тәсілдері бір ізге түсіріліп, мониторингтің тиімділігін артыру үшін мәліметтермен алмасу болып отырады. Мұның барлығы сейсмикалық қауіпсіздік мәселесін шешуге көмектеседі.

Қазіргі уақытта Қазақстанда ЯСЖТС қолдау ретінде халықаралық мониторинг жүйесінің бірнеше сесмостанциялық тобы жұмыс істейді. Ол станциялардың барлығы 2002-2006 жылдары табысты халықаралық сертификациядан өтті және тәулік бойғы үздіксіз режимде жұмыс істейді. 

1999 жылы Алматыда ҚҰМО ашылып, ол спутниктік байланыс арналары арқылы барлық станциялардан уақытылы мәліметтер алып, оларды өңдеп және әлемдік мәліметтер орталығына жіберіп отырады. Инфрадыбыстық мониторинг мәліметтері де оперативті түрде өңделіп тұрады. Біздің орталық 7 халықаралық және ұлттық орталықтармен мәліметтермен тұрақты түрде алмасып тұрады.

0 пікір

Үздік материалдар

Сыни-эссе

«Таласбек сыйлығы»: Талқандалған талғам...

Абай Мауқараұлы 1465
Білгенге маржан

«Шығыс Түркістан мемлекеті бейбіт түрде жоғалды»

Әлімжан Әшімұлы 3235
Біртуар

Шоқанның әзіл-сықақтары

Бағдат Ақылбеков 5366