Жұма, 22 Қараша 2024
Жаңалықтар 3768 0 пікір 30 Мамыр, 2009 сағат 05:55

Мысырдың арнаулы қызметтері қазақстандық студенттері экстремизмге қатысы бар деген күдікпен қамауға алды

Алматы. 29 мамыр. ҚазТАГ – Мысырдың арнаулы қызметтері Каирдегі «Әл-Азхар» ислам университетінің 198 студентін қамауға алды, олардың қатарында Қазақстан азаматтары да бар, деп хабарлайды «Newsru.com» «Ингушетия.org» сайтына сілтеме жасап. Олардың барлығы экстремистік ұйымдарға қатысы бар деп күдіктеліп отыр.

Агенттіктің алдын ала мәліметтеріне сәйкес, қазіргі уақытта тұтқындалғандар отбасыларымен және кішкентай балаларымен бірге Мысыр мемлекеттік қауіпсіздігінің Каирдың шығысындағы Ля Зугли ауданындағы «6-шы қазан» және Мэдинет Наср ауданындағы Хай Седес тергеу оқшаулағыштарында қамауда отыр.

«Ингушетия.org» хабарлағандай, тұтқындау операциялары соңғы үш тәулікте  Каир, Александрия және Мансура қалаларында жүргізілді.

«Соңғы мәліметтерге сәйкес, қамауға алынғандардың арасындағы 73 адам -Шешенстан тумалары, 12 адам Ингушетияның, 10 адам - Дағыстанның азаматтары және үш адам Татарстан тумалары. Ресейлік Студенттер Одағының ақпараты бойынша, тұтқынға алынғандардың арасында Қазақстан мен Өзбекстан азаматтары да бар», - деп хабарлайды агенттік.

Қазақстанның Мысырдағы елшілігінің қызметкерлері жұмыс күні аяқталғанын айтып, ҚазТАГ тілшісіне түсініктеме беруден бас тартты.

ҚР мұсылмандарының діни басқармасында (ҚМДБ) баспасөз орталығында да бұл оқиға туралы ешнәрсе білмейтін болып шықты.

«ҚМДБ жүйесі арқылы “Аль-Азхар” университетінде бір ғана – Рақымжан Әкімбеков деген студент оқиды. Ол онда сырттай оқиды. Мамырдың ортасында ол онда дипломын алу үшін емтихан тапсыруға кеткен», - деп түсіндірді ҚР ҚМДБ баспасөз хатшысы Оңғар қажы.

Оның айтуы бойынша, қазір Қайырда Қазақстаннан барлығы 100 адам оқып жатыр.

Естеріңізге салсақ, бұл қазақстандық студенттерді Мысырлық арнайы қызметтердің тұңғыш қамауға алғаны емес. 2007 жылы желтоқсанда мысырлық арнайы қызметі Қайырдағы “Аль-Азхар” университетінің сегіз студентін тұтқындаған болатын, олардың арасында ҚМДБ түлегі Р. Әкімбеков та бар еді.

Сол кезде студенттердің жатақханасына себептерін түсіндірмей Мысырдың арнайы қызмет өкілдері келіп тінту жүргізген. Тінтуден соң студенттерді Қайырдың арнайы түрмесіне жіберген. Тек студенттердің ата-аналары ресми түрде ҚР президенті Нұрсұлтан Назарбаевқа 2007 жылдың 10 желтоқсанында өтініш жасаған соң студенттерді қамаудан босатқан.

0 пікір

Үздік материалдар

Сыни-эссе

«Таласбек сыйлығы»: Талқандалған талғам...

Абай Мауқараұлы 1463
Білгенге маржан

«Шығыс Түркістан мемлекеті бейбіт түрде жоғалды»

Әлімжан Әшімұлы 3230
Біртуар

Шоқанның әзіл-сықақтары

Бағдат Ақылбеков 5320