Жексенбі, 13 Сәуір 2025
Жаңалықтар 3375 0 пікір 12 Сәуір, 2016 сағат 10:30

АСТАНА МЕН ТЕГЕРАН 2 МЛРД ДОЛЛАРДЫҢ КЕЛІСІМІН ЖАСАДЫ

Қазақстан президенті баспасөз қызметінің мәліметіне сәйкес, 11 сәуір күні Тегеранда кездескен Иран мен Қазақстан басшылары көлік-логистика, экологияны қорғау, Каспийде кеме қатынасы мен туризмді дамыту салаларын қамтитын және Каспий теңізінің құқықтық мәртебесін анықтайтын құжаттарға қол қойған.

Иран президенті Хасан Роухани мен Қазақстан президенті Нұрсұлтан Назарбаев экстремизммен және терроризммен күресу, Ирак, Ауғанстан, Сирия аумағындағы тұрақтылықты қамтамасыз ету және Йемендегі қақтығысты тоқтату қажеттігі туралы пікір алмасқан.

Ресми сапар кезінде металлургия, тау-кен, ауыл шаруашылығы, көлік-логистика, туризм, ғылым және білім, медицина салаларында жалпы құны 2 миллиард доллар болатын 66 екіжақты келісім бекітілгені хабарланды.

Абай-ақпарат

0 пікір

Үздік материалдар

46 - сөз

Қайраулы қара семсер

Есболат Айдабосын 1826
Анық-қанығы

Еуропаға Ресей аумағынсыз шығу жолы

Асхат Қасенғали 4637
46 - сөз

Бізге беймәлім Барақ хан

Жамбыл Артықбаев 3675