Сенбі, 5 Сәуір 2025
Білгенге маржан 7540 0 пікір 11 Сәуір, 2016 сағат 10:18

ЕЛБАСЫ АЙТҚАН ЕСТІ СӨЗ

Елбасы сан-салалы мемлекеттік қызметтен қолы қалт еткенде табиғат аясында болғанды ұнатады. Әрине, мойнында бүтін бір елдің жауапкершілігі тұрған Президент өмірінде мұндай сәттер тым сирек болады. Туған жердің сұлу көркі шабыттандырған Нұрсұлтан Әбішұлының кестелі ой, көркем толғаныстары баршылық. Солардың бір шоғырын бүгін біз «Фейсбук» оқырмандары назарына ұсынып отырмыз, деп хабарлайды Ақорданың баспасөз қызметі.


Сурет personal.akorda.kz

Қазақтың кең байтақ жерінде аңызға айналмаған тұс тіпті аз, бәрі де қастерлі өлке, қасиетті мекен.

Қасиетті қазақ жері – ата-бабаларымыздың даңқты тарихын атының тұяғымен жазып кеткен жер.

Жалпақ жұртыңды, иісі алашыңды құрметтеу алдымен өзің тұрған өлкенің тарихын, табиғатын танудан, адамдарын ардақтаудан басталады.

«Көшпелілер» мал жайып өткен жерінің бәрін өздерінікі санай берген» дейтін сандырақты ғылыми тұрғыда әшкерелеу шарт.

Домбыра үніне ұйымаған, жусанды даланың иісін аңсамаған қазақты қазақ деп айтудың өзі қиын.

Жер абаттанса, ел абаттанады.

Бірақ бәрі де өзім туып-өскен қазағымның жеріне, Алатаудың бір бөктеріне жамбастай жығылған үш қоңыр төбеге жетпеді. Балалығымның, сағынышымның алтын қазығы сонда екен…

Ауылдың амандығы – елдің амандығы.

Ауыл – қазақтың алтын бесігі.

Abai.kz 

0 пікір

Үздік материалдар

46 - сөз

Қайраулы қара семсер

Есболат Айдабосын 1507
Анық-қанығы

Еуропаға Ресей аумағынсыз шығу жолы

Асхат Қасенғали 4228
46 - сөз

Бізге беймәлім Барақ хан

Жамбыл Артықбаев 3128