Сенбі, 23 Қараша 2024
Жаңалықтар 4131 0 пікір 8 Сәуір, 2016 сағат 10:30

АЛМАТЫДА ҚОҒАМДЫҚ КӨЛІК ЖҮРГІЗУШІЛЕРІ ЖАЛАҚЫЛАРЫН КӨТЕРУДІ ТАЛАП ЕТУДЕ

Алматыдағы № 1 автобекетінің ондаған автобус жүргізушісі жалақыларн көтеруді талап етіп, жұмысқа шықпаған. Автобус компаниясының диспетчерлік қызметі № 2, 34 және 73-ші бағыттағы автобустардың жолға шықпағанын хабарлады.


Жергілікті агенттіктердің хабарлауынша, № 79-шы автобус бағытының жүргішілері де жұмысқа шықпаған. Nur.kz сайты автобекет жүргізушісінің бірінің автобустарда қолма-қол ақшасыз төлем жүйесін енгізгелі бері, жүргізушілердің жалақысы бірнеше есеге қысқарғаны туралы сөзін жариялады.

«Автобус бекеті муниципалды боп тұрғанда мен кем дегенде 120 мың теңге айлық алып келдім. Алайда екі айдан бері қолымызға тиын ғана түседі, — дейді Tengrinews.kz. сайтына сұхбат берген жүргізушілердің бірі.

Тағы бір жүргізушінің сөзінше, өткен айда ол 26 мың теңге алған, жұмыс беруші бәрі жақсы болатынын, жұмысты жалғастырса 100 мың теңгеден көп жалақы алатындарын айтып уәде еткен. "Ал қазір маған 57 мың теңге жалақы беріп отыр. Олар біздің еңбегімізді көк тиынға да бағаламай отыр», — дейді ол.

Tengrinews.kz Алматы қаласы жолаушылар көлігі басқармасының жетекшісі Дәурен Әлімбековтің қазір басқарма оқиғаның мән-жайын анықтап жатқаны туралы айтқанын хабарлады.

Қалалық жолаушы көлігі басқармасының мәліметінше, Алматы муниципалды автобус паркінде 13 бағыт бар. Ақпан айында МАП Green Bus Company жеке компаниясына басқаруға берілген.

Abai.kz 

 

0 пікір

Үздік материалдар

Сыни-эссе

«Таласбек сыйлығы»: Талқандалған талғам...

Абай Мауқараұлы 1472
Білгенге маржан

«Шығыс Түркістан мемлекеті бейбіт түрде жоғалды»

Әлімжан Әшімұлы 3248
Біртуар

Шоқанның әзіл-сықақтары

Бағдат Ақылбеков 5434