Сейсенбі, 15 Қыркүйек 2026
Жаңалықтар 5007 0 пікір 6 Сәуір, 2016 сағат 11:56

АСТАНА АҚШ-ТАН ДЖОХАР ЦАРНАЕВТЫҢ ДОСТАРЫН БЕРУДІ СҰРАУДА

Астана АҚШ-та түрлі мерзімге сотталған Қазақстанның екі азаматының жазасын отанында өтеу үшін елге қайтару туралы өтінішіне АҚШ-тан жауап күтіп отыр.

2013 жылғы 15 сәуірдегі Бостон марафонындағы терактқа қатысты қылмыстық іске кедергі жасады деп айыпталып, алты жылға сотталған Қазақстан азаматы Дияс Қадырбаев Бас прокуратураның елге қайтаруын сұраған адамдардың тізімінде тұр. Осы іс бойынша үш жарым жылға сотталған келесі - Азамат Тажаяқов есімді азаматты елге қайтару туралы өтініш берілмеген.

Қазақстан Бас прокуратурасы отанына қайтаруды сұраған адамдардың ішінде Әсел Әбдығаппарова да бар. Ол кісі өлтіруге қатысқаны үшін Техас штатындағы түрмелердің бірінде 28 жылға сотталған.

Қазақстан 2015 жылдың 6-шы ақпанынан бастап, жазасын шетелде өтеу туралы, келісімге қол қойғандар арасында адам алмасу жайлы Америкааралық конвенцияға қосылған.

Соңғы бес жылда, ресми дерек бойынша, шетелде сотталған 158 қазақстандық азамат отанына қайтарылған.

Abai.kz

 

0 пікір

Үздік материалдар

Көкжиек

Азаматтық қоғам һәм ғылым мен білім дамуы...

Ахметбек Нұрсила 1192
Білгенге маржан

Париждегі кітап және қазақ даласының тарихы

Өмір Шыныбекұлы 2720
46 - сөз

«Білімге мәжбүрлеу»

Әбдірашит Бәкірұлы 839
Ақмылтық

Көшпендер ойыны құт болсын!

Серік Ерғали 808