Жексенбі, 22 Желтоқсан 2024
Билік 9150 0 пікір 31 Наурыз, 2016 сағат 17:24

ЕРЛАН СЫДЫҚОВ: «ЭКСПО-2017» ЖАҢА ҚУАТ КӨЗДЕРІН ТАБУҒА ЖОЛ АШАДЫ

 

Еркіндікті еншілеген егемендігіміздің тарихында көңіл марқаяр толайым табыс­тар толып жатыр. Шешендігі мен көсемдігі даугершілікте, батырлығы мен ақылдылығы жаугершілікте сыналып, қайратты қажырлылықпен қадамын нық басқан Алаш ұрпағы арманын аласартқан емес.

Асыл арман ешқашан адастырған да емес. Тәуелсіздігімізге тірек, елдігімізге тілек, барша қазаққа жүрек болған Астанамыз мәртебемізді биік­тетіп, айбынымызды асқақтатты. Алысты жа­қын­датты. Қазақ Елін жатқа танытты. Таныта да бермек. Оның бір айқын дәлелі – бү­кіләлемдік ЭКСПО-2017 көрмесі болмақ.


Мұндай ауқымды шараны Астанада ұйымдастыру туралы ең алғаш Мемлекет басшысы бастама көтерді. 2011 жылғы 10 маусымда Париждегі Халықаралық көрмелер бюросының (ХКБ) Бас хатшысы Винсенте Гонсалес Лоссерталес­ке Қазақстан Республикасының ресми өтінімі тапсырылды. 2012 жылғы 14 наурызда Мемлекет басшысы Қазақстанның елордасында ХКБ-нің сарапшылар комиссиясымен кездесу өткізіп, оның аясында «ЕХРО-2017» көрмесін өткізу біздің еліміз үшін ұлттық жоба болып табылатынын ерекше атап өтті. 2012 жылғы 12 маусымда Париждегі Халықаралық көрмелер бюросының Бас ассамблеясының 151-ші отырысында Астананың ресми таныстырылымы болып өтті.

Ал үстіміздегі жылдың қаңтар айынан бастап «ЭКСПО-2017»көрмесінің қоғамдық кеңесінің құрамына қазақстандық және халықаралық танымал қоғамдық қайраткерлер, соның ішінде ғалымдар кіре бастаған. Аталмыш кеңеске төраға болып  Астанадағы  Л.Н. Гумилев атындағы Евразиялық ұлтық  университеттің ректоры Ерлан СЫДЫҚОВ сайланды.

Жақында Ерлан Батташұлы республикалық «Айқын» газетіне сұхбат беріпті. Онда Ерлан Батташұлы, «ЭКСПО-2017» іс жүзінде бұрынғыдан да сенімді және тепе-теңдікті қалыпта ұстайтын болашақтың энергиясын әлемге жариялайтын халықаралық маңызды шара екендігін айтқан.

«Энергияның басқа көздерін, түрлерін пайдалануды жүзеге асыруға байланысты, әлемдік мәселені күн тәртібіне шығарып, қалыптастыратын өндірістің жаңа стратегиялық салалары пайда болды деп ойлаймын. «ЭКСПО-2017» көрмесін Астанада өткізу біздің елімізге өте тиімді болмақ, бұл мәселе бойынша елімізге үлкен басымдық береді және «жасыл» экономиканың дамуында әлемдік көшбасшылардың бірі болады. Осы бағыттағы ең озық, ең мықты жаңартылған технологияларды бір алаңға жинайтын көрме жарқыраған жаһандық оқиға болмақ, «жасыл» экономиканың болашақтағы дамуына және жаңартылған, басқа қуат көздерін пайдалануда жаңа тыныс береді»,- дейді Ерлан Батташұлы.

Қазіргі кездегі өмірдің шындығы барлығын, бүкіл әлемдік экономиканы «жасыл» экономиканың энергияны үнемдеу технологиясы жағына бұрылуға мәжбүрлеуде. Бұл климаттың өзгеруіне және шикізатқа тәуелділіктен алшақтауға байланысты. Осы тұрғыда әңгіме өрбіткен ректор, қоғамдық кеңес төрағасы  Ерлан Сыдықов мырза, «жасыл даму» идеясы Қазақстанның 2050 жылға дейінгі Даму стратегиясының негізгі басымдылығы болып табылатыны сөз еткен.

«Сіздерге, журналистерге белгілі, «жасыл даму» идеясы Қазақстанның 2050 жылға дейінгі Даму стратегиясының негізгі басымдылығы болып табылады. 2013 жылдың 30 мамырында Қазақстан Республикасының Президенті Нұрсұлтан Назарбаев «Қазақстан Республикасының «жасыл» экономикаға өтуі туралы концепциясы» бекітті. Бұл ең алдымен – күн көзінің қуаты, желдің, жер астының қызуы энергиясы, биожанармай, сондай-ақ электр энергиясын үнемдеп және оның шығынын бірнеше есеге төмендететін жаңартылған энергия үнемдеу технологиясы сияқты энергия көздерін жаңартуға қатысты жұмыстар»,-дейді Ерлан Сыдықов мырза.    

Abai.kz

0 пікір

Үздік материалдар

46 - сөз

Тибет қалай Тәуелсіздігінен айырылды?

Бейсенғазы Ұлықбек 1963