ЕҚЫҰ ЕУРОПАДАҒЫ ҚАУІПСІЗДІК ПЕН ЫНТЫМАҚТАСТЫҚ ҰЙЫМЫНЫҢ ТӨРАҒАСЫ ОРТАЛЫҚ АЗИЯҒА КЕЛЕДІ
Германия сыртқы істер министрі әрі ЕҚЫҰ Еуропадағы қауіпсіздік пен ынтымақтастық ұйымының төрағасы Франк-Вальтер Штайнмайер бүгін Орталық Азияға үшкүндік сапарын бастайды.
Германия СІМ Штайнмайердің Өзбекстан, Қырғызстан және Тәжікстанға баратынын хабарлады.
Сапар алдында Штайнмайер Орталық Азияны үлкен экономикалық мүмкіндіктерге ие «стратегиялық маңызы бар өңір» деп атап, соған байланысты «ғаламдық тұрақтылық үшін үлкен тәуекелдер» барын мәлімдеді. Ол сонымен бірге Орталық Азияда Ресей, Қытай және Иран секілді ірі аймақтық державалардың мүдделері тоқайласатынына назар аударды.
Германия СІМ мәлімдеуінше, күн тәртібінде терроризмге қасы күрес, аймақтық ынтымақтастық пен экономикалық қарым-қатынас мәселелері тұр.
Abai.kz