92 ЖАСТАҒЫ ЗИМБАБВЕ ПРЕЗИДЕНТІ РОБЕРТ МУГАБЕ 2018 ЖЫЛЫ САЙЛАУҒА ҚАТЫСПАҚ
Зимбабве президеті Роберт Мугабе 2018 жылы өтетін президент сайлауына қайта қатысуға дайын екенін хабарлады. Бұл туралы Токио қаласына ресми іс-сапармен келген Мугабе мырза «Санкей» жапон газетіне берген сұхбатында мәлімдеген.
«Жақтастарым менің кандидатурамды ұсынып отыр. Өзім әлі тыңмын, Егер халық қаласа елді одан әрі қарай да басқара беремін», — дейді 92-дегі президент.
Бұған дейін Батыс басылымдары Мугабені елдегі оппозицияны басып-жаншыған диктатор деп айыптаған болатын. Президенттің өзі болса мұның жала екенін айтып, Зимбабве халқын арандату үшін жасалып жатқан әрекет деп бағалаған.
Еске сала кетейік, Роберт Мугабе 1980 жылдан бастап мемлекетті басқарып келе жатыр. Ол 2013 жылы өткен Президент сайлауында халықтың 60 пайыздан астам даусын иеленіп,Президент атанған. Ал ол кездегі оппозиция басшысы, елдің премьер-министрі Морган Цвангираи сайлау нәтижесімен келіспей, дауыстардың бұрмаланғанын айтқан. Бұл жолғы сайлау кезінде Еуроодақ та сайлау кезінде өрескел заң бұзушылықтарды анықтаған.
Зимбабвенің оппозициалық партиясының жетекшісі Морган Цвангираи мемлекет тізгінін 92 жастағы Мугабенің әйелі өз қолына алғанын айтты.
Айтпақшы, Зимбабвенің 92 жастағы көсемінің «адам жегіш» екендігі де әлемдік БАҚ-та қызу талқыға түскен. Ол саяси билікті авторитаризмге көшурі үшін, өзінің оппозициядағы қарсыластарының етін жеген деген қауесет те айтылады.
Айсұлу Тұрсынбаева
Abai.kz