Жұма, 22 Қараша 2024
Қоғам 7318 0 пікір 30 Наурыз, 2016 сағат 11:37

ЕРДОҒАННЫҢ НЕГІЗГІ МИССИЯСЫ ӘМ ГҮЛЕНМЕН АРАДАҒЫ АЙҚАС

Ердоғанның Президенттік миссиясының құпиясы

Әңгімені әуелі Анадолы жұртындағы аласапыран төңкерістерден бастасақ. Жалпы Түркиядағы саяси әм әлеуметтік тұрақсыздықтың жалғасып келе жатқанына бірнеше жыл болды. Ердоған ел тағына отырған екі жылда Түркия билігінде кландар шайқасы үдей түсті. Тайып тұсындағы тұрақсыздық деп аталатын бұл кезең сонау Ердоған мен Фетхуллах Гүлен арасындағы тартыстан басталған-тын.

Сол кездегі Премьер-министр Ердоған елде саяси реформа жүргізіп, Парламенттегі жақтастарының көмегімен мемлекетті Президенттік басқару жүйесіне көшірді. 11-Президент Аблолла Гүлдің қызметтік мерзімі аяқталар шенде,  шартты билікті нақты билікке ауыстырған Ердоған Түркия тағына қалай келді?

2014 жылғы сайлау кезінде Абдуллах Гүлдің президенттік сайлауға қатысуға мүмкіндігі бар еді. Ал Ердоғанның қайтадан премьер болуға мүмкіндігі жоқ-ты. Тек билікті толық қолға алудың жалғыз жолы – Президент болу. Түркиялық басылымдардың мәліметтеріне сүйенсек, Ердоған өзінің мақсатына жету жолында  «Ата заңды» өзгертуге де мүдделі болған.

Жалпы «жемқорлық операциясының» басты кейіпкері әм Ердоғанның Президенттікке келуінің негізгі себепкері   ирандық кәсіпкер – Реза Зарреб. Министрдің баласына пара беруші, түркиялық әнші Ебру Гүндештің күйеуі. Кейбір деректерге сүйенсек, Реза Зарреб Түркиядағы «Ергөнекен» қылмыстық тобымен байланысы бар төрт министрді былыққа батырған. Кейін Ердоған Зарребтің кінәсін кешірген сыңай танытып, қамаудан босатқанда күйеубала АҚШ-қа қашып кетеді. Кейін Зарреб АҚШ-тың Маями қаласында тұтқындалып, 75 жылға абақтыға кесілген. Сарапшылардың пікірлерінше, бұл – АҚШ-тың арнайы жіберген агенті болуы да ықтимал. Бүгінге дейін Реза Зарраб Түркиядан әртүрлі заңсыз жолмен 87 млрд. евро шығарған. Алдымен Ресей, кейіннен Дубай арқылы шығарып отырған. Бұл прокуратураның 1,5 жылдық бақылауының нәтижесінде белгілі болып отыр.10 млн. евроға жуығын Түркияның «Халық банкі» арқылы аударған. Жоғарыда айтып өткендей, «Халық банкі» бастығы Сүлейман Асланның үйіндегі аяқкиім қораптарының ішінен табылған ақша мектеп салу үшін емес, Реза Заррабтан алынған пара екенін суреттер, видео көріністер айғақтап отыр. Мұндай оқиғалардан кейін халықтың алдында Ердоған үкіметінің парақорлықпен ұсталып қалғаны оның беделіне зиян келтіргені рас. Есесіне Ердоған 1700-ге жуық полиция, прокуратура, сот қызметкерлерінің қызметін ауыстырды. Істі жүргізген прокурордың жанына өзінің адамын қойды. Онымен қоса қаулы жариялады. Егер үш прокурордың біреуі келіспей, екеуі келіссе, іс жабылады. Осылайша Ердоған өзі қамаудан босатқан адамдар енді өзіне қарсы шыға бастады.

Ердоған мен Гүлен текетіресі

Бізге толассыз жетіп жатқан ақпараттардың жалпы ауаны Түркиядағы қазіргі тұрақсыздықтарға Гүлен мен Ердоған арасындағы айқастар себеп болған.

Түркиедегі толқуларға себеп болғаны шет-пұшпақтап айқындала түсуде. Этникалық түрік, кейбір дерек көздеріне қарағанда АҚШ азаматы, - Гүлен Ислам дініне қатысты жаңа бағыт ұстанып, жаңаша ағым бастаған-дүр. Гүлен ілімі қазір Түркі дүниесінде гулеп тұр. Барлық мұсылман жұртында оның ілімі мүмкіндігінше уағыздалып, «мүриттері» мүлтіксіз қызмет етуде. Сол гулеп тұрған Гүленге Ердоған тарапынан қандайда бір қайшылықты көзқарас байқалған. Сол-сол-ақ екен, Ердоғанның былық-шылығы жаппай жария көрген. Гүленнің принципі «Ақ партияны» қолдау емес, мұсылман мемлекеті болғандықтан, халықтың құқығы қорғалған, әділеттілік қайда болса, соны қолдайды. Қай жерде адам құқығы тапталса, Үкіметтің жіберген қателіктеріне Гүлен өз пікірін ашық білдіріп отырады. Осы жері Ердоғанға қатты ұнамайды.

Ал Түркиядағы «Қызмет» қоғамдық қоз-ғалысын тоқтату ісі 2004 жылы қолға алынған. Түркиядағы күндік таралымы 1 миллионнан асатын «Заман»  оппазициялық газетінде қазіргі Президент Режеп Ердоған, экс-Президент Абдолла Гүл және Түркияның сыртқы істер министрінің қолы қойылған бір жапырақ құжат жарияланды. Онда Гүлен мүриддерінің жүргізіп отырған «Қызмет» қозғалысының жұмысын тоқтату туралы келісім болған.

Екеудің текетіресінде Ердоған бірнеше рет жеңіске жетті. Гүлен бұны, бәлкім, біле тұра Ердоғанды түсінуге тырысты. Саясаттың лас екенін білді, кінәні Ердоғанға емес, сол кездегі саясатқа жабуға мәжбүр болды.

Ердоғанның диктаторлығы



(Заман газетін күшпен басып алудан кейінгі толқулар)

  1. Режеп Ердоған: «Қазіргі Түркиядағы болып жатқан оқиғаларға басты себепкер — Түркияның білім жүйесін дамытушы, діни рухани көсемі, дәл қазір АҚШ-та өмір сүріп жатқан Ф.Гүлен»,- деді. Гүлен бұған қатысты ләм-мим деп жақ ашпады.
  2. Ердоған қазіргі Осман империясын құлатқан әскер билігін өз қолына алды.
  3. Түркияның сыртқы саясаты мен экономикасына ықпал етіп отырған олигархтарды өзіне күшпен бағындырды.
  4. БАҚ-тың құзыретін шектеді.
  5. Ата Заңды өзгертті.
  6. Жемқорлыққа байланысты 10 министрді ауыстырды.
  7. Күрдтерге Түркияның шығысынан автоноимя беруге келісті.
  8. Күрдістан партиясын құрып берді.
  9. Күндік тиражы 1 миллионнан асатын «Заман» газетін басып алды. 

10.  «Қызмет» қозғалысына тиесілі елдегі ірі банктердің акцияларын тартып алды.

Ыстамбұлдағы «Заман» газетіне жасалған шабуылды Еуроодақ пен АҚШ сөз бостандығына жасалған Ердоғанның қылмысы деп таныды.Түркиялық «Заман» газетінің  ағылшын тіліндегі нұсқасы – «Тудейз Заман». Негізін 1999 жылы қалаған Гүлен Фетхуллах еді. «Заман» газетіне қатысты іс жасырын түрде жүргізілген. «Бұл елдегі демоктарияны жоюдың ақырғы шарасы. Үкімет көптен бері оппазицияға  қарсы шаралар жүргізіп келеді. Бұл жолы ашық әскер кіргізіп, редакцияны басып алды»,-дейді Бас редактор Севги Акарчешм.

«Ердоғанның билікке келуіне себепкер болған бірінші адам Гүлен» деп жазады, Түркияның БАҚ көздері. 

2012 жылы «Түрік тілі олимпиадаларында» арнайы келіп сөз сөйлеген Ердоғанның халықтың алдында Гүленге: «Қашанғы жүре бересіз, туған елге келіңіз», — деп ағынан жарылды. Немесе «Мұхиттың ар жағында біз үшін Алладан дұға еткендерге (Гүленге) рақметімізді айтамыз», — деді. Бұл сөздерді талайдың құлағы естіп, көзбен көрді.

Кезінде өзі де Гүлен мүриді болған Ердоған кенеттен оған қарсы шығуыне не себеп болуы мүмкін? Қорқыныш. Гүленизм фобиясы. Ердоғанның негізгі қорқынышы – Гүлен еді. Себебі, Гүлен мүридттері әлемдік күшке айналды. Менеджерліктің үлгісін бейбіт жолмен қалыптастыруда олар Ердоғанна озық еді. Ол Гүлен жаңа мемлекет құруы мүмкін деген пайымсыз парадоксты әлем назарына ұсынды. Ердоғанның айтуынша, «Гүленнің исламшылдығы» - парралельді жоба.

Гүлен мектептерінің мақсаты

Бүгінгі жағдайда дін исламға қызмет етіп отырған елдің бірі — Түркия. Соның ішінде өзіндік орны бар Гүленнің еңбегі зор. Оны ешкім жасыра алмайды. Дін исламға Гүлен секілді қызмет етіп отырған тұлға саусақпен санарлықтай еді. Ислам діні  ғылым мен білімнен тұратынын ешкім теріске шығара алмайды. Алайда, әлемдік назарда айта алатын Ислам ғалымы немесе жаңалығы деген ақпара тазды-кем. Технология, нано индустрия, білім беру жүйесі секілді ғылымдарда Ислам мемлекеттері кенжелеп келеді. Жаңа технология дегенде  Жапония мен Кореядан асып кете алмайды. 

Гүненнің білім беру жүйесінде қызмет етуінің түпкі мақсаты да – Ислам дінінен озық, ғылым мен ілімді жетік меңгерген, әлемдік деңгейде өздерін көрсете алатын шәкірттер шығару еді.

Осы мақсатта Гүлен мүридттері лицейлер мен білім беру мекемелерін әлемнің көптеген мемлекеттерінде аша бастады. Соның бірі – Қазақ-түрік лицейлері. Мұндай лицейлер әлемнің 170 мемлекетінде қызмет етуде.

Мысалы, Гүленнің шәкірті болған Ердоған бір жолы арнайы іссапармен Пәкстанға барды. Пәкістан премьер-министрі Ердоғанның алдында Пәкістан-түрік лицейлерін мақтады, жетістіктерімен мақтанды, Ердоғанға рақметін айтты. Ал Ердоған үнсіз қалды. 

Дәл осы жағдай Қазақстанда да жиі қайталанды. Елордаға ерекше мақсатпен келген Ердоған Президент Назарбаевтан Қазақстандағы түрік лицейлерін жабуды бір емес, бірнеше мәрте талап етті.

Елбасы Ердоғанға қайтарған жауабының ауаны мынаған сайды: «Бұл мектептер менің мектебім. Олармен не істеуді өзіміз шешеміз». Кейбір бейресми дереккөздеріне сүйенсек, бұл әңгіме  Ердоған мен Елбасының Түркстандағы кездесуінде өрбіген.

Ел ішінде Гүлен десе төбе шаштары тік тұратын топтар да аз емес. Алайда, нақты фактілерсіз Гүлен шәкірттері мен олардың ашқан мектептеріне орынсыз шүйлігулер опа бермесі анық. Еліміздегі лицейлердің брендке айналғандығын қазақ жақсы біледі. Демек, аталмыш мектептерге Ердоғанның шүйлігуі өзінің биліктік карьерасына алаңдаушылық қана болуы мүмкін.

Ердоғанның ақыры

Грекиялық сәуегей Паисия Святогорец немесе грекиялық Нострадамус  осыдан жиырма бес жыл бұрын Ыстамбұлдың қайтадан Константинополь болатыны болжағаны туралы ақпарат қазір БАҚ-та қызу талқылануда.

«Сендер куә боласыңдар. Жерорта теңізінің Түркияға тиесілі бөлігінен шу шағады. Ресей Түркияға шабуыл жасайды. Түркияның жақтастары теріс айналған соң, Ресей Ыстамбұлды басып алып, гректерге қайтарып береді»,-деген.

Ердоғанның провокаторлық әрекеттерге ерік беріп, Ресей ұшағын атып құлатуынан кейін, грекиялық БАҚ сәуегейдің сөздерінен цитаталар келтіре бастаған. Дін өкілдері сәуегейлікті қолдамағанымен, православтық епархия өкілдері грек сәуегейінің сөзін құптаған.

Түйін: Қосымша айта кетейік, Ердоған Түркияның жаңа сәулетшісі ретінде танымал болса да, кейде оның елдің іші мен шетелдердегі мінез-құлықтары мен ұстанымдары саяси басшылардан күтілетін әдеттен алшақ. Осындай мінез-құлық пен қатынас тәсілі саяси қоғамтану тұрғысынан Ердоғанның саяси амбициясының пайда болуына себеп болды. Кейде Ердоған османдық паша мен сұлтандардың рөліне еніп, қазіргі Түркияны Осман империясын жандандырушы ретінде көрсеткісі келетін  сияқты көрінеді. 

Нұргелді Әбдіғаниұлы

Abai.kz 

 

0 пікір

Үздік материалдар

Сыни-эссе

«Таласбек сыйлығы»: Талқандалған талғам...

Абай Мауқараұлы 1463
Білгенге маржан

«Шығыс Түркістан мемлекеті бейбіт түрде жоғалды»

Әлімжан Әшімұлы 3230
Біртуар

Шоқанның әзіл-сықақтары

Бағдат Ақылбеков 5321