Жұма, 22 Қараша 2024
Жаңалықтар 4574 0 пікір 30 Наурыз, 2016 сағат 10:58

ТЕРАКТ ДАЙЫНДАҒАНДАР ҰСТАЛДЫ

Қырғызстан мемлекеттік ұлттық қауіпсіздік комитеті лаңкестік шабуылдар дайындаған террорлық топтың мүшелері деп күдіктелген азаматтарды ұстағанын хабарлады.

МҰҚК баспасөз қызметі таратқан мәлімдемеде террорға қарсы шара барысында жеті адамның тұтқындалғаны туралы жазылған. Олардың қашан және қалай ұсталғаны айтылмайды.

МҰҚК қамауға алынғандар лаңкестік ұйымдарға адам тартумен, Таяу Шығыстағы соғыс ошақтарына еріктілерді жеткізу арналарын қалыптастырумен және Қырғызстанда лаңкестік шабуылдар жасауды ұйымдастырумен айналысты деп санайды.

Бұған дейін қырғыз билігі 500-ге тарта ел азаматының, оның ішінде жүз қаралы әйелдің "Ислам мемлекеті" секілді лаңкестік ұйымдарға қосылу үшін Сирия мен Иракқа кеткені туралы хабарлаған еді.

Абай-ақпарат

0 пікір

Үздік материалдар

Сыни-эссе

«Таласбек сыйлығы»: Талқандалған талғам...

Абай Мауқараұлы 1463
Білгенге маржан

«Шығыс Түркістан мемлекеті бейбіт түрде жоғалды»

Әлімжан Әшімұлы 3230
Біртуар

Шоқанның әзіл-сықақтары

Бағдат Ақылбеков 5321