АШЫҚ ХАТ
Қазақстан Республикасының Президенті - Елбасы
Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевқа
АШЫҚ ХАТ
Құрметті Нұрсұлтан Әбішұлы! Сіздің тікелей тапсырмаңызбен маусымның 17 мен 18-і аралығында Атырау облысына ресми сапармен келген Үкімет басшысы Кәрім Мәсімов «Шетелдік инвесторлардың қазақ елінде өз бизнесін жүргізуіне бар жағдай жасалып отыр. Бірақ, біз алдымен өз халқымызды қолдаймыз! Олардың кемсітушілікке ұшырауына жол бермейміз!» деген еді облыс әкімі және шетелдік инвесторлармен кездесу кезінде. Біз мұны Сіздің «қазақстандық мазмұнды қағаз жүзінен іс жүзіне аудару керек» деген тапсырмаңыздың көрінісі деп ұқтық. Атырауға сапарында Үкімет басшысы отандық кәсіпорындар мен отандық жұмысшы-мамандардың құқығын қорғау кезек күттірмейтін мәселе екенін айтқан еді. Осы орайда Сізге төмендегі жайтты хабарлап, оң шешімін табуға көмектесуіңізді өтініп сұраймыз.
Қазақстан Республикасының Президенті - Елбасы
Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевқа
АШЫҚ ХАТ
Құрметті Нұрсұлтан Әбішұлы! Сіздің тікелей тапсырмаңызбен маусымның 17 мен 18-і аралығында Атырау облысына ресми сапармен келген Үкімет басшысы Кәрім Мәсімов «Шетелдік инвесторлардың қазақ елінде өз бизнесін жүргізуіне бар жағдай жасалып отыр. Бірақ, біз алдымен өз халқымызды қолдаймыз! Олардың кемсітушілікке ұшырауына жол бермейміз!» деген еді облыс әкімі және шетелдік инвесторлармен кездесу кезінде. Біз мұны Сіздің «қазақстандық мазмұнды қағаз жүзінен іс жүзіне аудару керек» деген тапсырмаңыздың көрінісі деп ұқтық. Атырауға сапарында Үкімет басшысы отандық кәсіпорындар мен отандық жұмысшы-мамандардың құқығын қорғау кезек күттірмейтін мәселе екенін айтқан еді. Осы орайда Сізге төмендегі жайтты хабарлап, оң шешімін табуға көмектесуіңізді өтініп сұраймыз.
Мен Алиев Рустам Садықұлы Орал қаласынан күнкөріс жайымен Атырау қаласына келіп, кезінде «ҚазМұнайСервис Nconstructing» компаниясында электромонтаждаушылар бригадирі болып қызметке тұрған жұмысшымын. Компанияда 7 ай жұмыс істедім. Бригадамдағы отыз адам «Аджип» жобасы бойынша жұмыс істеді. Еңбек заңдылығына байланысты, температура - 40 градустан жоғарылаған жағдайда, барлық мекеме жұмысты автоматты түрде тоқтатуы тиіс еді. Бірақ, «ҚазМұнайСервис» басшылығы термометрді алып тастап, қақаған суыққа қарамастан, менің бригадамнан кабель тартып, жұмыс істеуді талап етті. Жұмысшылар келіспеген жағдайда жалақы кесілетіндігін, тіпті болмаса жұмыстан қууға дейін баратындарын айтып, жұмысшыларды мәжбүрлеп жұмыс істетті. Сол себептен, бригада қытымыр аязда жұмыс істеуге мәжбүр болды. Нәтижесінде жұмысшы жігіттердің арасында өкпесіне суық тигізіп, өндірістік жарақаттар алып еліне қайтып кеткендері де болды. Оның үстіне, бригадамдағы отыз адам айына берілетін 40 мың теңге жалақы үшін тер төгіп еңбек етті. Жалпы айтқанда, Қазақстан Республикасының «Еңбек туралы» кодексіндегі жұмысшы құқығы бұзылды. Мұндай әділетсіздіктерге шыдай алмағандықтан, бригадир ретінде басшылыққа олардың еңбекақысын көтеру, - 40 градус суықтан жоғары температурада жұмысқа шығаруға мәжбүрлемеулерін талап етіп, жұмысшыларымның құқығын қорғауға мәжбүр болдым. Басшылық жаңа жылдан соң жалақы көтерілетінін айтып, уәде берді. Бірақ, уәде орындалмады. Осылайша, сәуірдің аяғында мен Рустам Алиев қысқартуға ұшырадым. Бауырым Ануар Алиевті еңбек заңдылығының бабына сәйкес жұмыстан шығарды. Бұдан соң үстіміздегі жылдың сәуір - мамыр айлары аралығында бригадамдағы 30 жұмысшы жігіт өз тілегімен жұмыстан босанды. Кейін, үстіміздегі жылдың 4-5 мамыр аралығында тесттен өтіп, жаңа жұмысқа орналасуға мүмкіндік алдық. Бүгінде бригадамдағы жиырма жеті жұмысшы Қарабатанға жұмысқа кірісіп те кетті. Алайда, белгісіз себептермен Аджип компаниясы маған яғни Рустам Алиев және бауырым (кезінде «ҚазМұнайСервисте» бригадир болып қызмет еткен) Ануар Алиевке Қарабатан территориясына жұмысқа орналасуға пропуск, яғни рұқсат қағазын рәсімдеуден бас тартты. Рұқсат қағазы - жұмысқа тұрудың паспорты іспеттес. Онсыз жұмысқа араласу тіптен мүмкін емес. Өз басым Аджиптің рұқсат қағазын рәсімдеуден бас тартуына «ҚазМұнайСервис Nconstructing» компаниясының бізді, яғни ағайынды Алиевтерді шатаққұмар жұмысшы ретінде сипаттап берулері себеп болуы мүмкін деп есептеймін. Бірақ, шын мәнісінде бригада жетекшілері ретінде біз қазақстандық қарапайым жұмысшылардың құқығын, мүддесін қорғадық. Ал, «Аджип» өз кезегінде біздің конституциялық құқығымызды белшеден басып, отбасымызды асырау мүмкіндігінен айырып отыр. Осылайша, мамыр айынан бері рұқсат қағазының рәсімделмеуіне байланысты, күні бүгінге дейін тапқан жұмысқа кірісе алмай отырған жайымыз бар. Бұл жөнінде кезінде Атырау облыстық прокуроры Б.Сматлаевқа ресми түрде шағымдандық та. Алайда, әлі күнге не нәтиже, не өзгеріс жоқ.
Сондықтан да, құрметті Нұрсұлтан Әбішұлы! Қарапайым жұмысшылардың құқығын, мүддесін қорғап, комиссия жіберу не басқалай жолмен осы мәселенің оңынан шешілуіне ықпал етуіңізді өтініп сұраймыз.
Құрметпен: «ҚазМұнайСервис Nconstructing» компаниясының
бұрынғы жұмысшысы Рустам Алиев.
Хатта жарияланған фактілердің дұрыстығына куәлік етіп және Президент - Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев мырзадан мәселенің оңынан шешілуін өтініп, бригададағы жиырма сегіз адам қол қойып отыр. (екі жұмысшы өз еріктерімен жұмыстан мүлдем шығып кетті). Төменде бригададағы жиырма сегіз адамның тізімі қоса беріліп отыр.
- Жұмағалиев Мирас
- Менгимев Мырзабек
- Қазиев Дархан
- Айдарбеков Ақылбек
- Жолдас Ақылбек
- Рысқалиев Серік
- Тимофеев Сергей
- Бакиев Арман
- Айтқалиев Сабыр
- Абдильдиев Манарбек
- Төлеуов Әлібек
- Төлеуов Ерлан
- Камашев Нұрбол
- Железнов Виталий
- Кусаинов Мирхат
- Мустафин Ерлан
- Рзиев Айбол
- Рахымгалиев Жасулан
- Кенжегалиев Әлібек
- Имангазиев Равиль
- Алатаев Дастан
- Сабитов Жаслан
- Қазбеков Бейбіт
- Алиев Султан
- Тореев Бақыт
- Нураев Алдаберген
- Куспанов Дарын
- Алиев Ануар