Сенбі, 23 Қараша 2024
Билік 6053 0 пікір 25 Наурыз, 2016 сағат 13:59

МӘСІМОВ - "МӘҢГІЛІК" ПРЕМЬЕР...

«Кәрім Қажымқанұлы Мәсімов төртінші рет ҚР Үкімет басшысы болып тағайындалды», — деп хабарлайды Абай-ақпарат. Таңдау құқығы болған 107 депутаттың 96-сы қолдап, 4-і қарсы шықты. Ал, қалған 7-і қалыс қалды.

Ол — 2014 жылдың 7 сәуірінен бастап ҚР Үкіметі басшысы, Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі (2007-2012), мемлекет қайраткері. Мамандығы бойынша қаржыгер, заңгер, қытайтанушы, экономика ғылымдарының докторы.

Кәрім Қажымқанұлы Мәсімов — 1965 жылы маусымның 15 күні Қазақстанның Целиноград қаласында дүниеге келген. Әкесі — Қажымқан Қасымұлы Мәсімов. Анасы — Элеонора (Ажибекова) Кәрімқызы Мәсімова.

Білімі:

  • 1982 жылы Алматы қаласындағы Республикалық физика-математика мектебін үздік бітірді.
  • 1985 жылы Мәскеу қаласындағы П.Лумумба атындағы Халықтар Достығы университетінде араб филологиясы бойынша білім алды.
  • 1988 жылы Пекиндегі Тіл білімі институтында оқыған. 1991 жылы Қытайдағы Ухань заң университетін, 1995 жылы Қазақ мемлекеттік Басқару академиясын бітірген.
  • 1999 жылы Колумбия университетінде (Нью-Йорк) топ-менеджерлер даярлау бағдарламасынан өткен.
  • Орыс, қазақ, Ағылшын, қытай, араб тілдерін меңгерген.

Қызмет жолы:

  • 1991 жылы — Қытай Халық Республикасындағы КСРО Сауда өкілдігінің құқықтық мәселелер бойынша кеңесші.
  • 1991 жылы ҚР Еңбек министрлігінде сыртқы экономикалық байланыс бөлімінің бастығы, Бас экономист.
  • 1992 жылы «Қазақпригранторг» фирмасының басшысы, Үрімші (Қытай) қаласындағы «Қазақинторг» өкілдігінде жетекші маман, директор орынбасары.
  • 1993 жылы «Акцепт» ЖШС басшысының ішкі экономикалық мәселелер жөніндегі директор орынбасары қызметін атқарады.
  • 1994 жылы Гонконг қаласындағы Қазақ сауда үйінің басқарушы директоры.
  • 1995 жылы «Алматы сауда-финанс банкі» ЖАҚ Басқармасының бастығы,
  • 1996 жылдың қыркүйек айынан «ТұранӘлембанк» Басқармасы бастығының міндетін орындаушы,
  • 1997 жылдың тамыз айынан бастап «Қазақстан Халық жинақ банкі» ААҚ Басқармасы бастығының 1-орынбасары, қыркүйек айынан бастап бастығы,
  • 2000 жылдың тамыз айынан ҚР Транспорт және коммуникация министрі,
  • 2001 жылдың қарашасынан ҚР Премьер-Министрінің орынбасары,
  • 2002 жылдың шілдесінен ҚР Президентінің көмекшісі,
  • 2006 – 07 жылдары ҚР Премьер-Министрінің орынбасары қызметтерін атқарған.
  • 2007 ж. қантардың 10-ында Қазақстан Республикасының Президенті жарлығыменен Қазақстан премьер-министрі болып тағайындалады.
  • 2011 жылдың 2 қарашасында Кәрім Мәсімов «Қазақша Уикипедиа» жобасын өз қамқорлығына алатынын хабарлады.
  • 2012 жылдың 24 қыркүйек күні Кәрім Мәсімов Үкімет басшысы ретінде жұмыстан кететіндігі туралы арызын берді. Президент Н.Назарбаев өтінішті қабылдады . Сол күні М.Мәсімов Президент Әкімшілігінің Басшысы ретінде тағайындалды.
  • 2014 жылдың 7 сәуірінен Қазақстан Республикасының Президенті жарлығыменен Қазақстан премьер-министрі болып тағайындалады.

Abai.kz

0 пікір

Үздік материалдар

Сыни-эссе

«Таласбек сыйлығы»: Талқандалған талғам...

Абай Мауқараұлы 1468
Білгенге маржан

«Шығыс Түркістан мемлекеті бейбіт түрде жоғалды»

Әлімжан Әшімұлы 3241
Біртуар

Шоқанның әзіл-сықақтары

Бағдат Ақылбеков 5394