Сәрсенбі, 2 Сәуір 2025
Жаңалықтар 3763 0 пікір 25 Маусым, 2010 сағат 13:51

Қазақстанның РФ-дағы елшілігі Ржев түбінде қаза тапқан қазақстандықтардың есімдерін мәңгі ету үшін «Батырлардың құрметіне» жобасын жүзеге асыра бастады

Мәскеу. 25 маусым. ҚазТАГ - Ұлы Отан соғысындағы Жеңістің 65 жылдығы мерекеленетін жылы Қазақстанның Ресейдегі елшілігі Ржев түбіндегі шайқастарда қаза тапқан қазақстандықтардың есімдерін мәңгі ету үшін «Батырлардың құрметіне» жобасын жүзеге асыра бастады. Бұл туралы елшіліктің жұма күні таратқан хабарламасында айтылған.

«Батырлардың құрметіне» жобасы шеңберінде Ржев түбіндегі ұрыстарда қаза тапқан 100-ші және 101-ші атқыш бригадалары жауынгерлерінің тізімі жасалып жатыр, олардың есімдері Ржев қаласында қазақстандық жауынгерлерге арналған ескерткіштің гранит тақтасына жазылады.

Ескерткіш Қазақстанның картасы бейнеленген панно түрінде жасалады, онда 1941 жылы аталған бригадалар құрылған Астана, Алматы және Ақтөбе қалалары нүктемен белгіленеді. Монументтің нобай-жобасын қазақстандық сәулетшілер жасады. Оның құрылысы Ақтөбе облысының бюджетінен қаржыландырылып отыр. Ескерткішті 2010 жылдың күзінде ашу жоспарланған.

«Қазіргі уақытта елшілік Ресей қорғаныс министрлігінің орталық мұрағатындағы материалдардың негізінде 100-ші және 101-ші атқыш бригадаларының қаза болған жауынгерлерінің тізімін жасап жатыр. Бүгінгі күнге дейін 2730 есіпм анықталды. Олар елшіліктің www.kazembassy.ru сайтында орналастырылды. Бірақ бұл тізім толық емес», - делінген дипмиссияның хабарламасында.

Осыған байланысты елшілік қазақстандықтар мен ресейліктерден тізімді қарап, толықтырып, қажет болса, есімдердің жазылуын, басқа да мәліметтерді түзетуді сұрайды.

0 пікір

Үздік материалдар

Азамат

Қайраулы қара семсер

Есболат Айдабосын 464
Болған оқиға

Тілендиев неге Таразидың құлағын қыршып алды?

Төреғали Тәшенов 2140
Анық-қанығы

Еуропаға Ресей аумағынсыз шығу жолы

Асхат Қасенғали 1817
Алтын Орда

Бізге беймәлім Барақ хан

Жамбыл Артықбаев 953