Жұма, 22 Қараша 2024
Жаңалықтар 3686 0 пікір 25 Маусым, 2010 сағат 13:54

Күзембаев атындағы шахтада қаза болған екінші адамның денесін алып шығу үшін 18 метр үйіндіні қазу қалды

Қарағанды. 25 маусым. ҚазТАГ - Қаза болған екінші шахтердың денесін алып шығу үшін көмір үйіндісінің 18 метрін қазу керек. Бұл туралы жұма күні Күзембаев атындағы шахтадағы апаттың салдарын жою жөніндегі штабтың отырысында облыс әкімі Серік Ахметовқа  «АрселорМиттал Теміртау» АҚ көмір департаментінің техникалық директоры Юрий Стефлюк хабарлады.

Ю. Стефлюктің айтуынша, апат кезінде 37 мың текше метр метан атылып, 700 тонна көмір құлаған. 24 маусымда 21 сағат 40 минутта қаза болған екі кеншінің бірі - Серік Жұмашевтің денесі табылған болатын. Екінші шахтердың денесін алып шығу үшін 18 метр үйіндіні қазу керек. зардап шеккен екі кеншінің жағдайы қанағаттанарлық.

Облыс әкімі Серік Ахметов қазба жүргізуші Қаныш Қайырқұловтың ерлігін атап өтті, ол апат кезінде өмірін қауіпте тіксе де, зардап шеккендердің біреуін жер үстіне алып шығып, оны аман алып қалды.

«АрселорМиттал Теміртау» АҚ ТЖ министрлігіне шахта кеншілерінің бірін құтқарған Қ. Ш. Қйырқұловты мемлекеттік наградаға ұсыну туралы қолдаухат жолдайды. Компания басшылығы оны құнды сыйлықпен ынталандырмақ», - деп хабарлайды АМТ баспасөз қызметі.

Отырыстың соңында Серік Ахметов комиссия мүшелеріне қаза болған кеншілердің отбасыларына материалдық көмек көрсетуді, апаттың салдарын жою жұмыстарын бақылауды, апат себептерін анықтауды тапсырды.

«Біз Күзембаев атындағы шахтада болған оқиғаға қатысты қатты қайғырып отырмыз. Қаза болған кеншілердің туған-туыстарына, шахта ұжымына көңіл айтамыз. Алдағы уақытта мұндай оқиғаларды болдырмау үшін осы апаттан сабақ алу керек. Зардап шеккендерге ұжымдық келісімге және сақтандыру компаниясымен келісімге сәйкес ақшалай өтемақы төленеді», - деген АМТ бас директоры Франк Паннирдің сөздері баспасөз қызметінің хабарламасында келтірілген.

0 пікір

Үздік материалдар

Сыни-эссе

«Таласбек сыйлығы»: Талқандалған талғам...

Абай Мауқараұлы 1463
Білгенге маржан

«Шығыс Түркістан мемлекеті бейбіт түрде жоғалды»

Әлімжан Әшімұлы 3230
Біртуар

Шоқанның әзіл-сықақтары

Бағдат Ақылбеков 5320