Сенбі, 23 Қараша 2024
Қоғам 5735 0 пікір 20 Наурыз, 2016 сағат 13:47

РЕСЕЙЛІК БАҚЫЛАУШЫ ВАЛУЕВ САЙЛАУДАҒЫ ӨРЕСКЕЛ ЗАҢ БҰЗУШЫЛЫҚТЫ АЙТТЫ

Ресей Федерациясы Мемлекеттік Думасының атынан Қазақстандағы Мәжіліс пен мәслихат сайлауына бақылаушы ретінде келген экс-боксшы Николай Валуев сайлаудағы өрескел заң бұзушылықты байқағанын айтты,-деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Астанадағы сайлау учаскелерінің біріне бақылаушы болып қатысқан Дума депутаты Валуев сайлау процессіндегі өрескел заң бұзушылықты байқаған.

Масқара болғанда ресейлік депутат  бақылаушы болып отырған сайлау учаскесіне өзінің жеке басын куәландыратын құжаты жоқ азаматша келген. Ал учаскедегі ұйымдастырушылар құжатсыз келген азаматшаға сайлау бюлетенін берген.

Тілшілерге сұхбат берген ресейлік Дума депутаты, сайлау бақылаушысы әм экс-боксшы Николай Валуев жалпы алғандағы Қазақстандағы сайлау процессінің ұйымдастыру жұмыстарына оң бағасын берген.

«Таң азаннан сайлау учаскелеріне азаматтар келді. Біздің учаскенің өзінде 5-10 пайыз дауыс берушелір қатысып үлгерді. Ал әріптестеріміздің хабарлауынша, кейбір учаскелерде халықтың үштен бір бөлігі дауыс берген. Ұйымдастыру жоғарғы деңгейде»,-дейді-Валуев.

Қазақстандағы сайлау жүйесімен жіті таныс Дума депутатының еліміздегі мұндай процесстерге төрелік етуде тәжірбиесі мол.

Естеріңізде болса, Николай Валуев өткен жылғы кезектен тыс өткізілген Президент сайлауы кезінде де бақылаушы миссиясын орындаған.

Ал Қазақстан Президенттігіне екі дүркін үміткер атанған экс-генерал Ғани Қасымов еліміздегі сайлау компаниялардың жұмысына көңілі толмайтынын жеткізген.

«Кезінде мен де халықтың алдында сөз сөйлеп,  сайлау насихаттарына қатысқанмын. Осы жолы мен ешбір кандидатты тыңдаған да, көрген де жоқпын. Себебі, ешбірінің үні маған жеткен жоқ. Жұмысымда да, тұрғылықты мекен-жайымда да тыныштық. Нәтижесінде мен бұлардың қайсысына дауыс беретінімді білмеймін. Жалпы дауыс бергенім жөн бе деп ойлаймын. Дауыс беретін болсам, не үшін деген сұрақ туады. Олар мені іздеген жоқ, менің пікіріме қызыққан да жоқ. Олардың сайлау алды бағдарламалары мені сендірген жоқ. Осылайша бірінше рет не істерімді білмей отырмын»,-деп жазады Қасымов мырза өзінің Instagram парақшасында.

Айта кететйік, бүгін жалпы Қазақстан жұмхуриетінде таңғы сағат 07:00-ден бастап Мәжіліс пен мәслихат депутаттығына үміткерлерді сайлау басталды. Қазақстандықтардың алдында додаға түскен алты партияның қайсысы Мәжілістегі майлы креслоларға жайғасатыны енді сәлден кейін белгілі болады. Билік басындағы «Нұр Отан» алдын-ала дода лидері атанып үлгерген, тіпті. Демократиялық «Ақ жол» да Мәжілістегі бұрынғы орындарын сақтап қалу үшін таласуда. Сексендегі ақсақалдың көрегендігімен көп дауысына үмітті Комунистер де, Биліктің негізгі оппазициясы деп есептелетін Жалпы ұлттық социал демкораттар да додада. Үлкен додадан енші алып қалуға үмітті және екі партия – Халықтық демократиялық «Ауыл» мен әзірге үлкен саясаттағы жап-жаңа есім «Бірлік» те халық даусына телміріп отыр.

Нұргелді Әбдіғаниұлы

Abai.kz 

0 пікір

Үздік материалдар

Сыни-эссе

«Таласбек сыйлығы»: Талқандалған талғам...

Абай Мауқараұлы 1487
Білгенге маржан

«Шығыс Түркістан мемлекеті бейбіт түрде жоғалды»

Әлімжан Әшімұлы 3256
Біртуар

Шоқанның әзіл-сықақтары

Бағдат Ақылбеков 5523