Жұма, 22 Қараша 2024
Жаңалықтар 4584 0 пікір 29 Маусым, 2010 сағат 03:41

Айгүл ҮЛКЕНБАЕВА: Ұлтына жаны ашитын адам ғана ұлттық өнерді дәріптей алады

Әлдебiр ақын әдеби үйiрме ашыпты, әлде бiр жазушы жас әдебиетшiлер мектебiн құрыпты деген хабар естiмеймiз. Еститiнiмiз - Жазушылар одағындағы мыңға жуық жазушы әлдебiр сыйлық үшiн таласып жүр деген қара қауымға қажетсiз әңгiме. Қазiр олар Мемлекеттiк сыйлық алу науқанында ақ тер, көк тер болып жүр.

Ал бүгiнгi таршылық заманда төкпе күйдiң шеберi Айгүл Үлкенбаева арнайы мектеп-студиясын ашып, күйшi шәкiрттер тәрбиелеуде. Айгүлге аспандай атақтар қажет емес. Өнер саудаға түскен қоғамда оның бұл iсiне таңданбасқа лаж жоқ. «Сәрсенбiдегi сұхбатымыздың» қонағы болған күйшi: «Бiлгенiмдi бауыр-сiңлiлерiме үйретемiн деген мақсатым бар едi», - дейдi. Айгүлдiң күй мектебiне мемлекеттен берiлiп отырған көмек жоқ. Ендеше, өнерге көзсiз ғашық қыздың әңгiмесiне құлақ түрiңiз.

 

- Айгүл ханым, қазiргi жастар арасында домбыраға әуестiк азайып бара жатқан жоқ па?

- Бiлмеймiн... менiң аңғарғаным - балаларының домбыра үйренуiне құштар ата-аналар көп. Тiптi орыстiлдi болып өскен қаланың балаларына дейiн өздерiнiң ықыластарымен студияға келiп домбыраға қатысуда. Соған қарағанда, бұрынғы уақытпен салыстырғанда, қазiргi қала тұрғындарының домбыраға деген қызығушылығы басым сияқты.

- Мәселен, кезiнде кез келген мектепте домбыра оркестрi болушы едi. Ал қазiр Алматының өзiнде осындай өнер ұжымы бар мектептер азайып кеттi ғой...

Әлдебiр ақын әдеби үйiрме ашыпты, әлде бiр жазушы жас әдебиетшiлер мектебiн құрыпты деген хабар естiмеймiз. Еститiнiмiз - Жазушылар одағындағы мыңға жуық жазушы әлдебiр сыйлық үшiн таласып жүр деген қара қауымға қажетсiз әңгiме. Қазiр олар Мемлекеттiк сыйлық алу науқанында ақ тер, көк тер болып жүр.

Ал бүгiнгi таршылық заманда төкпе күйдiң шеберi Айгүл Үлкенбаева арнайы мектеп-студиясын ашып, күйшi шәкiрттер тәрбиелеуде. Айгүлге аспандай атақтар қажет емес. Өнер саудаға түскен қоғамда оның бұл iсiне таңданбасқа лаж жоқ. «Сәрсенбiдегi сұхбатымыздың» қонағы болған күйшi: «Бiлгенiмдi бауыр-сiңлiлерiме үйретемiн деген мақсатым бар едi», - дейдi. Айгүлдiң күй мектебiне мемлекеттен берiлiп отырған көмек жоқ. Ендеше, өнерге көзсiз ғашық қыздың әңгiмесiне құлақ түрiңiз.

 

- Айгүл ханым, қазiргi жастар арасында домбыраға әуестiк азайып бара жатқан жоқ па?

- Бiлмеймiн... менiң аңғарғаным - балаларының домбыра үйренуiне құштар ата-аналар көп. Тiптi орыстiлдi болып өскен қаланың балаларына дейiн өздерiнiң ықыластарымен студияға келiп домбыраға қатысуда. Соған қарағанда, бұрынғы уақытпен салыстырғанда, қазiргi қала тұрғындарының домбыраға деген қызығушылығы басым сияқты.

- Мәселен, кезiнде кез келген мектепте домбыра оркестрi болушы едi. Ал қазiр Алматының өзiнде осындай өнер ұжымы бар мектептер азайып кеттi ғой...

- Консерваторияны тамамдаған шәкiрттерiмiз мектептегi үйiрмелерде сабақ бередi. Мектеп әкiмшiлiгiнiң тарапы мұндай мәселеге қалай қарайтынын бiлмеймiн, бiрақ екi қолға жұмыс iздеген адам мектептерге барып, хабарландыру жасап, домбыра үйретуiне мүмкiндiк бар болар.

- Сiз үшiн күйдiң қасиетi мен киелi домбыраның құдiретi неде?

- Қазақты домбырасыз елестету мүмкiн емес. Өйткенi шетелге кеткен қандастарымыз әннен гөрi, күйдiң таспасын көп сұрайды. Әлде маған сондай сұраныстағы адамдар тап келе ме... Әйтеуiр, көпшiлiгi қазақтың күйiн тыңдағанда алатын әсерiн тамсана айтумен болады. Ахмет Жұбановтың тiлiмен айтар болсақ, күй - қазақтың сан ғасыр бойғы басынан өткен тарихы. Шынымен де, ата-бабаларымыз басынан өткерген қилы кезеңдердi бiр ғана күйге сыйдырған ғой. Мiне, мен үшiн күй мен домбыраның құдiретi осында.

- Ал соңғы кездерi күнiге өтетiн концерттерден домбырасын құшақтаған Айгүл ханымды кезiктiре бермейтiндiгiмiз нелiктен?

- Шыны керек, кейбiр адамдарды көрiп жүрмiз ғой, халық қол соғып, қошеметтемесе де, сахнадан кеткiсi келмейдi. Ал өзiңдi сүйсiнiп тыңдайтын ортада өнер көрсетудi өзiң де қалап тұрасың ғой. Әйтсе де, эфирден көрiну мақсатында кез келген концерттен қалмай тыңдарманымды жалықтырғым келмейдi.

- Жұрт сiздiң домбыра мектеп-студиясын ашып, шәкiрт тәрбиелеумен айналысатыныңызды жақсы бiледi. Бұл киелi өнерге деген iңкәрлiктiң белгiсi ме, әлде күнкөрiстiң қамы ма?

- Ақшаңның болғаны жақсы ғой, әрине. Бiрақ мен сол күнкөрiстiң мәселесiн алдыға шығармаймын. Мәселен, жаз уақыты басталғанда, шетелден келген қандастарымыз балаларын бiраз уақытқа болса да домбыра үйренсiн деп, маған тапсырып жатады. Тiптi шығармашылық сапарларға шыққан кезде де, үлкен адамдар немересiн немесе баласын шәкiрт етiп алуға өтiнiш бiлдiредi. Қарап отырсақ, адам баласының өмiрге келгендегi мiндетi де өзiнен кейiнгiлерге бiлгенiн үйрету ғой. Мен осы мақсатта домбыра студия­сын ашқан едiм. Алдыңа үйренемiн деп ынталы шәкiрт келiп жатса, оған неге қуанбасқа? Ұстаздың мерейiнiң өскенi шәкiртiнiң озғаны емес пе? Бұл кез келген ұстаздың арманы деп ойлаймын.

- «Күнкөрiс» демекшi, сiздiң айлық табысыңыз тiршiлiктiң жыртығын жамауға жете ме?

- Мен қанағатшыл адаммын. Егер тиыннның соңына түсем десем, кез келген уақытта ел аралап жүре берген болар едiм. Тiптi, шынымды айтсам, шығармашылық сапарға шықпағаныма да екi жылдай уақыт өтiптi. Бiрақ шақыр­ған жерлерден қалмаймын.

- Ал тойға барып, табыс таппайсыз ба?

- Кiм, қандай тойға барып табыс тапса, ол өзiнiң еңбегiмен келген нәпақасы деп бiлем. Өз басым, той-томалаққа жиi бармасам да, шығып тұратыным бар. Бiрақ iшер асым мен киер киiмiмнiң көзiн жиын-тойға тiреп қойған жан емеспiн.

- Мемлекет тарапынан ұлттық өнерге тиесiлi қолдау көрсетiлiп жатыр деп ойлайсыз ба?

- Бiзде классикалық өнерге көп көңiл бөлiнедi. Көбiнесе дәстүрлi орындаушылардың сырылып қалатыны жасырын емес. Бiздiң жоғарғы жақта отырғандар өзге мемлекеттердiң сахнасында өтетiн концерттерге опера әншiлерi мен скрипкашыларды апарып, соларды көрсетуге әуес. Шетелдiң тыңдармандарына ұлттық өнер­ден қызық дүние жоқ екенiн түсiнгiлерi келмейдi. Әр ұлт өзiнiң құндылығымен ерекшеленбей ме...

- Айгүл ханым, қоғамның қандай дертi сiздi қатты мазалайды?

- Жоғары оқу орнындағы бiлiм жүйесiне қарап қарным ашады. Туыстас сiңлiм аты дардай бiр оқу орнында оқыды. Солардың оқу жүйесiн көргенде жағамды ұстадым. Ауыздарынан «бiлiм алу» деген сөз де шықпайды. Есi-дерттерi - ұстаздарына ақша жинау. Масқара! Жағамды ұстадым! Бәрiн айналдырып әкелiп параға таңып қойған. Шынжыр сияқты бәрi бiр-бiрiне маталғаны сонша, одан қашып құтыла алмайсың. Бiлiм жүйесiне енген «тест» деген пәле бәрiн құртты. Американың президентiнiң өзi: «Осы тест атаулыны құртпасақ, мәңгүрттердiң мекенi боламыз», - деп, текке дабыл қағып жатыр дейсiз бе?

Қоғамның лайланғаны сол - аузын ашса, жүрегi көрiнетiн ауылдың аңғал адамдары да өзгерген. Алысқа бармай-ақ, бiр отбасы балаларының iшiнде де безбүйректiк қалыптасқан. Рухани тозып бара жатырмыз. Бiреуге бiреу сенуден қалды. «Қой үстiне бозторғай жұмыртқалаған» заман өтiп кеттi. Сондай алаңсыз уақытта жастық шағы өткен бiздiң жастағылар бақытты шығар, бәлкiм.

- Ел арасында әсiресе әрiптес­терiңiздiң iшiнде: «Батыстан келген өнер (балет, опера т.с.с.) элитаға тиесiлi болып қалды да, ал қазақтың төл мәдениетi қарапайым қазақтың еншiсiне сырылды. Қалтасы жұқа қазаққа тиесiлi өнердiң жағдайы да сол сияқты жұтаңқы. Яғни өнер әлеуметтiк жағдайдың айнасы iспеттi» деген сыңайдағы пiкiр айтылып жатады. Сiз осымен келiсесiз бе?

- Қандай да бiр халықты танытатын дүние ол - өнерi мен спорттағы жетiстiгi. Мәселен, Жапонияға барғанда байқағаным - әрбiр өнер адамы мемлекеттiң құндылығы ретiнде есептелiп, өле-өлгенше сол мемлекеттiң қамқорлығында болады екен. Себебi, өнер - кез келген адамға берiлмейтiн ерекшелiк. Олар осының байыбына үңiлетiн халық. Бiздiң үкiметтегiлерде өнер адамдарына деген дәл осындай көзқарас қалыптасса деймiн. Тiптi өмiрiн өнерге сарп еткен адамдар дүние­ден өткенде, көп болып шығарып салу былай тұрсын, көмуге де мүмкiндiгi болмай жатады. Осының бәрi жүрегiңе ауыр тиедi.

Сондықтан қайталап айтарым - халық рухани азды. Ондай дерттiң бетiн қайтаратын бiр ғана жол бар - ол ұлттық өнердi көтеру. Айғай-шу мен тасыр-тұсырға алданудан халық шаршады. Еңсесi биiк ел боламыз десек, осы бағытта жұмыс iстеу керек.

- Айгүл ханым, ендi сiз болып, бiз болып, бүгiнгi әйелдер жайын қозғасақ, қалай болады екен. Мәселен, сынға әуес жұртшылық нәзiк жандыларды еркекке тән тiзгiндi қолына алып, еркекшораланып кеттi дегендi айтып мiнейтiн болды. Кейбiреулер бұған ер атаулының әлжуазданып, жауапкершiлiктен жалтаратынын алға тартып жатады. Ал өзiңiз осы мәселеге кiнәлi түйiн қайда жатыр деп ойлайсыз?

- Егер еркектер белсендiлiк танытып тұрса, әйел оның ешқашан алдына түсiп кетпес едi. Себебi, қазiргi кей жiгiттердiң тiрлiгi iшiңдi пыстырып жiбередi. Кiм болса да мойындайтын шығар, бiз әйел басымызбен еркектердiң мiндетiн мойнымызға алып жатамыз. Көрiп тұрып: «Мынау әйелге тән емес, әкел, маған бер», - демейдi. Содан соң бiлегiңдi түрiп, өзiң кiрiспегенде қайтесiң. Десе де, нағыз ер азаматтар бар. Ондай ерлердiң арасында өзiңнiң нәзiк әйел екенiңдi сезiнесiң.

 

Әңгiмелескен -

Динар КАМИЛОВА,

«Общественная позиция»

(проект «DAT» № 25 (62) от 23 июня  2010 г.

 

0 пікір

Үздік материалдар

Сыни-эссе

«Таласбек сыйлығы»: Талқандалған талғам...

Абай Мауқараұлы 1462
Білгенге маржан

«Шығыс Түркістан мемлекеті бейбіт түрде жоғалды»

Әлімжан Әшімұлы 3229
Біртуар

Шоқанның әзіл-сықақтары

Бағдат Ақылбеков 5315