Сенбі, 26 Қыркүйек 2026
Жаңалықтар 4023 0 пікір 29 Маусым, 2010 сағат 05:41

Өзбекстанға АҚШ мемлекеттік хатшысының көмекшісі Эрик Шварц келді

Ташкент. 29 маусым. ҚазТАГ - АҚШ мемлекеттік хатшысының халықтың қоныстануы, босқындар және көші-қон жөніндегі көмекшісі Эрик Шварц 28 маусымда сапармен Өзбекстанға келді, деп хабарлайды АҚШ-тың Өзбекстандағы  елшілігінің ақпарат орталығы.

Сапар барысында Эрик Шварц ел үкіметінің мүшелерімен кездеседі. Ол БҰҰ-ның босқындар жөніндегі Жоғары комиссары басқармасының және Қызыл крест халықаралық комитетінің өкілдерімен кездеседі.

Сейсенбі күні кешке АҚШ мемлекеттік департаментінің өкілі Қырғызстанға гуманитарлық көмек көрсету мәселесін талқылау үшін осы елге аттанады.

Бұрын хабарланғандай, маусым айында Өзбекстанға АҚШ мемлекеттік хатшысы Хилари Клинтонның көмекшілері: Оңтүстік және Орталық Азия бойынша көмекшісі Роберт Блейк және демократия, адам құқықтары және еңбек мәселелері жөніндегі көмекшісі Майкл Познер келген болатын.

0 пікір

Үздік материалдар

Көкжиек

Азаматтық қоғам һәм ғылым мен білім дамуы...

Ахметбек Нұрсила 1512
Білгенге маржан

Париждегі кітап және қазақ даласының тарихы

Өмір Шыныбекұлы 3130
46 - сөз

«Білімге мәжбүрлеу»

Әбдірашит Бәкірұлы 1121
Ақмылтық

Көшпендер ойыны құт болсын!

Серік Ерғали 1047