ХОК Ресей құрамасын Бразилияда өтетін Олимпиададан шеттетпеуді шешті
Халықаралық олимпиада комитеті (ХОК) 5-21-тамыз аралығында Бразилияда өтетін Олимпиада ойындарына Ресей спортшыларын шеттетпеуге шешім қабылдады.
Халықаралық олимпиада комитетінің ресми сайтында жарияланғандай, ресейлік атлеттер Бразилияға бару үшін, бірнеше талаптарды орындаулары қажет.
Ең бастысы – ресейлік атлеттерді олимпиадаға жіберу мәселесін әр спорт федерациясы жеке шешеді. Бірақ осыған дейін допинг қолданып, жазаланған спортшылар олимпиадаға қатыспайды.
Ресейді олимпиадаға қатысу құқығынан айыруды оннан астам елдің спорт федерациялары мен танымал спортшылар сұраған. "Ресейлік допингтік жүйе – олимпиада қозғалысына қарсы қылмыс. Ресей жазалануы тиіс", – деген еді ХОК мүшесі Адам Пенгилли BBC-ге берген сұхбатында.
Абай-ақпарат