Сенбі, 23 Қараша 2024
Ел іші... 4022 0 пікір 22 Шілде, 2016 сағат 11:29

ЖАЛҒАН МӘЛІМЕТ ТАРАТҚАНДАР ҰСТАЛДЫ

Алматыда көпе-көрінеу жалған мәліметтер таратқан екі тұлға қылмыстық жауапкершілікке тартылды,  - деп хабарлайды Алматы қаласының ІІД Баспасөз-қызметі.

Криминалдық полицияның дерегі бойынша, сотқа дейінгі тергеу аясында бөлімше қызметкерлері жүргізген кешенді жедел шаралар нәтижесінде дәйексіз мәліметтерді белсенді таратушылардың жеке бастары анықталды.

«Қоғамдық дүрбелең тудырған арандатушылардың арасында жоғарғы оқу орындарының бірінің студенті, 1995 жылы туған Ч. есімді азаматша бар.

Ол әлеуметтік желіде жазған өз хабарламасында Алматыдағы оқиға туралы табанды түрде «Сити Плюс» сауда үйінде адамдардың кепілге алынғандығы, құрбан болғандардың бар екендігі жайында мәлімет таратқан.

Тағы бір жалған мәлімет таратушы – 1993 жылы туған азамат А. Ол коммуникациялық желілер ресурсын пайдалана отырып, қаланың төменгі бөлігінде 100 қарулы адам қала тұрғындарын қырып жатқаны жайында мақсатты түрде жалған ақпарат таратқан.

Қазіргі кезде жалған ақпарат таратушылардың екеуі де ұсталып, ҚР ҚК 274-бабының 2-бөлігінде қарастырылған қылмыс белгілері бойынша сотқа дейінгі тергеу аясында жауап алынуда. Жақын арада процессуалдық негізде күдіктілерге қатысты бұлтартпау шарасы тағайындалады», - деді Алматы қалалық ІІД ресми өкілі полиция майоры Салтанат Әзірбек.

Сонымен қатар, полиция бөліміндегілер көпе-көрінеу жалған ақпарат таратқан басқа да тұлғаларды анықтап, ары қарай оларға қолданыстағы заңнамаға сәйкес жаза қолдану үшін жедел-іздестіру шарасының жалғасып жатқандығын айтты.

«Азаматтарды тағы да заң талаптарын сақтауға шақырамыз. Қазақстан Республикасы Қылмыстық Кодексінің жаңа редакциясында БАҚ немесе басқа да ақпараттық-коммуникациялық желілерді пайдалана отырып, қасақана жалған ақпарат таратқандығы үшін жауапкершілік қарастырылған. Осыған байланысты, әрбір азамат әлеуметтік желілерде болсын, басқа да ресурстарда болсын өзінің ойын, пікірін, пайымын, уәждерін ақылға салып барып жариялауы тиіс. Сондықтан, дереккөзі белгісіз, күмәнді мәліметтерді таратпауға шақырамыз. Тек ресми ақпараттарды ғана пайдалану қажет», - деді майор С. Әзірбек. 

Абай-ақпарат

0 пікір

Үздік материалдар

Сыни-эссе

«Таласбек сыйлығы»: Талқандалған талғам...

Абай Мауқараұлы 1469
Білгенге маржан

«Шығыс Түркістан мемлекеті бейбіт түрде жоғалды»

Әлімжан Әшімұлы 3245
Біртуар

Шоқанның әзіл-сықақтары

Бағдат Ақылбеков 5404